ҚМГ мен «Белоруснефть» серіктестік перспективаларын талқылады
21.10.2026
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Белоруснефть» компаниясының бас директоры Александр Ляховпен кездесті.
Тараптар геологиялық барлау, мұнай мен газ өндіру саласында озық технологияларды қолдану, сондай-ақ өндірісте цифрлық шешімдерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
ҚМГ басшысы ұлттық компания үшін алынуы қиын мұнай қорын игеру және ескі кен орындарының тиімділігін арттыру ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
— Біз беларусьтік әріптестерімізбен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және екі компанияның технологиялық бағытта дамуына ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделіміз, — деді А.Хасенов.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екендерін растады.
Анықтама:
«Белоруснефть» — Беларусьтің вертикалды интеграцияланған мемлекеттік мұнай компаниясы әрі отын-энергетика кешенінің көшбасшысы. Ол мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсетуден бастап, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өткізуге дейінгі жұмыстардың толық циклін жүзеге асырады. Компания Ресейде және ТМД-ның басқа да елдерінде, сондай-ақ Азия мен Латын Америкада жобаларды іске асырады.