Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Hyundai Engineering мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнатуға келісті

12.06.2024

12 маусымда Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Оңтүстік Кореяның Hyundai Engineering Co., Ltd инжиниринг компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар мұнай-газ және мұнай-химия салаларында ынтымақтастық орнатуға келісті.

Екіжақты құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Hyundai Engineering компаниясының президенті Хён Сонг Хонг қол қойды.

Келісім мұнай-газ және мұнай-химия секторларында ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуді көздейді. Сонымен қатар құжат техникалық білім, технология мен тәжірибе алмасуды және мамандарды оқытуды қамтиды.

Анықтама:

Hyundai Engineering Co., Ltd — Оңтүстік Кореялық жобалардың бүкіл өмірлік циклі бойынша кешенді шешімдерді ұсынуда тәжірибесі мол EPC мердігер компания. Яғни, жобаның алғашқы кезеңі – FEED-тен бастап оны жобалау, сатып алу, салу және пайдалануға беруге дейінгі техникалық-экономикалық және тұжырымдамалық негіздемені қамтиды. Сонымен қатар компания мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, тыңайтқыштар және жаңартылатын энергия көздерімен байланысты жобаларды басқару, интеграциялау, оларға техникалық қызмет көрсету, пайдалану және сервистік қызмет көрсету, техникалық аудит жүргізу және объектілерді реконструкциялау бойынша саладағы жетекші қызметтерді ұсынады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>