Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Венгрия мен Қазақстан мұнай-газ химиясы саласында ынтымақтасуға ниетті

07.02.2024

Будапештте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев пен Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі Жәнібек Абрашов бастаған делегация Венгрия Сыртқы істер министрінің орынбасары Левенте Мадьярмен және венгриялық «MOL Group» компаниясы өкілдерімен кездесті.

Кездесуде тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, соның ішінде Рожков кен орнын игеру, шикі мұнай және газ конденсатын жеткізу, сондай-ақ газды терең өңдеу жолымен өнім өндіру  мәселелерін талқылады.

Венгрия тарапы мұнайды өз еліндегі мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу мақсатында қазақстандық шикі мұнайдың жеткізілуіне, сонымен бірге Рожков кен орнынан өндірілетін газ конденсатын экспорттауға қызығушылық танытты.

 ҚМГ өз кезегінде Рожков кен орнынан өндірілетін газ шикізатын пайдалана отырып мұнай-химия жобасын бірлесе атқарудың артықшылығы туралы айтты. Венгр тарапы қызығушылық танытқан келешегі зор жобаны іске асыруды бастау мақсатында бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді.

Анықтама үшін:

«Рожков» — Батыс Қазақстан облысындағы газ конденсатының ірі кен орны 2023 жылғы 21 желтоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Кен орнында жылына шамамен 1 млрд текше метр газ және 500 мың тоннадан астам конденсат өндіріледі. Жыл сайын көлемі 150 мың тоннадан астам  сұйытылған газбен ішкі нарықты қамту көзделген.

MOL Group — Орталық және Шығыс Еуропаның жетекші интеграцияланған мұнай-газ корпорациясы, штаб-пәтері Венгрияның Будапешт қаласында орналасқан. Компанияның 30-дан астам елде өкілдігі және әлем бойынша 25000 қызметкері бар. MOL корпорациясының барлау және көмірсутегін өндіру қызметі саласында 80 жылдық тәжірибесі бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>