ҚазМұнайГаз бен HUAWEI цифрлы даму саласында ынтымақтастық орнатты
14.05.2024
Бакуде Huawei Tech Carnival & Partner Summit 2024 аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Huawei компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа ҚМГ-дан цифрлы даму департаментінің директоры Ғалымжан Бежентаев және Huawei тарапынан Enterprise Business Group Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірінің президенті Дерек Хао қол қойды.
Меморандумға сәйкес тараптар, атап айтқанда, бұлтты шешімдерді орналастыруда, big data инновациялық технологияларын, заттар интернеті мен жасанды интеллектті қолдануда, сондай-ақ заманауи деректер орталықтарын құруда ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
Жалпы, цифрландыру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірімен келісімге қол қою «ҚазМұнайГазға» отандық мұнай-газ секторында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға жаңа серпін беруге көмектеседі.