ҚазМұнайГаз Атырау МӨЗ-дегі Газ турбиналы электр станциясы жобасы бойынша Ашық есік күнін өткізеді
04.08.2023
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Атырау МӨЗ» ЖШС-мен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының сыртқы электр қуаты көзін күшейту үшін салынатын қуаты 154 МВт «ГТЭС құрылысы» жобасын іске асыру бойынша болашақ инвесторлар мен мүдделі компанияларға арнап 2023 жылдың 17-18 тамызында Атырау қаласында «АМӨЗ ГТЭС жобасы бойынша ашық есік күнін» өткізетінін хабарлайды.
Барлық мүдделі тараптың қатысуымен өтетін іс-шара барысында жоба бойынша өзекті мәселелерді талқылау, құрылысқа бөлінген аумақты аралау, түрлі бағыт бойынша мамандар мен сарапшылардың қатысуымен сұрақ-жауап сессиясын өткізу жоспарланған.
Іс-шараға қатысу үшін 13.08.2023ж. дейін аты-жөніңіз, ұйым атауы мен қызметіңіз көрсетілген өтінімді n.nurgaliyev@anpz.kz (Нұрғалиев Нұрғали, тел.: +7 777 498 9999), n.galymzhanov@kmg.kz (Ғалымжанов Нұрсұлтан, тел.: +7 701 773 7083) электронды мекенжайларына жолдау қажет.
Атырау қаласында өтетін «АМӨЗ ГТЭС жобасы бойынша ашық есік күнінің» бағдарламасы.