Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Итальяндық журналистер ҚазМұнайГаз кәсіпорындарына келді

24.11.2023

Атырау МӨЗ-де және KPI газ-химия кешенінде (ҚМГ еншілес кәсіпорындары) итальяндық RAI мемлекеттік телекомпаниясының түсірілім тобы болды.  

Еуропа жұртшылығын ақпараттандыру мақсатында Қазақстан және оның энергетикалық мүмкіндіктері туралы репортаж түсіріліп жатыр.   

TG1 (RAI тиесілі) телеарнасының тілшісі мен операторы зауыттың технологиялық қондырғыларымен танысып, АМӨЗ бас директоры Мұрат Досмұратовтың елдің мұнай өңдеу саласы тұңғышының тарихы, жаңғырту кезеңдері, өндірістегі жетістіктері, сондай-ақ іске асырылған жобалары туралы баяндамасын шынайы қызығушылықпен тыңдады. Қонақтарды жылына 5,5 млн тонна мұнай өңдейтін және Қазақстанның үштен бірін қажетті мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін зауыттың шығарылатын өнімі, мемлекеттік маңыздылығы туралы сұрақтар қызықтырды.   

Телеарна ұжымы жылына өндірістік қуаты 500-550 мың тонна полипропилен өндіреретін жаңа «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) газ-химия кешеніне келді. Мұнда оларға пропанды дегидрлеу және пропиленді полимерлеу технологиялық қондырғыларының жұмысы, полипропилен түйіршіктерінің өндірілу процесі таныстырылды. КРI атқарушы директоры Дамир Ашимов қонақтарға берген сұхбатында кешен биыл Еуропаға 19 мың тоннадан астам полипропилен экспорттағанын атап өтті. Қараша айында КРІ-ға бір жыл толды, зауытта 630-дан астам адам жұмыс істейді, мердігерлік компанияларда 1000-ға жуық маман еңбек етеді.   

Атырауға сапар соңында итальяндық журналистер қонақжайлылық пен барлық қажетті ақпаратты ұсынғаны үшін алғыстарын білдіріп, Қазақстанның кәсіпорындарын ғана емес, бүтін ұлтты танығандарын мойындады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>