Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Грузияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

18.11.2025

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Леван Диасамидземен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Грузия арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын қарастырды.

Кездесуде «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) қызметіне ерекше назар аударылды. Ол мұнай, мұнай өнімдерін және құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу және сақтаумен айналысады. Терминал ҚМГ еншілес компаниясы — «ҚазТрансОйл» АҚ құрылымына кіреді.

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Батуми теңіз порты арқылы жүкті аудару көлемі 6,1 млн тоннаны (2024 жылдың осындай кезеңінде — 5,5 млн тонна) құрады. Атап айтқанда:

  • құрғақ жүктер — 1,4 млн тоннадан аса;
  • паром жүктері — шамамен 0,3 млн тонна;
  • контейнерлік жүк — 2,8 млн тонна;
  • құйылмалы мұнай өнімдері — 1,5 млн тонна.

ҚМГ басшысы Батуми мұнай терминалы Қазақстанның транзиттік бағыттарын кеңейтуде және Грузиямен ынтымақтастықты нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті. БНТ-ны дамыту біздің еліміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және халықаралық энергетика нарығындағы позициясын күшейтеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>