Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» өз жұмысын бастады
11.02.2025
Еліміздің Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында EXPO халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты интерактивті көрме ашылды.
Ауқымды іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорындарының жұмысшы мамандықтарының өкілдері — мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу жөніндегі токарьлар, дефектоскопистер, сандық бағдарламалық басқару станогының электроника инженерлері, аспапшылар, мұнай-газ химиясы саласының технологтары, мұнай және газ өндіру шеберлері, мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғыларының операторлары және басқа да мамандар қатысып жатыр.
ҚазМұнайГаз еліміздің ең ірі жұмыс беруші компанияларының бірі. ҚМГ компаниялар тобында өндірісте 43 мыңнан астам адам еңбек етеді.
ҚМГ жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар кәсіптік оқыту, біліктілікті арттыру, тағылымдамаларға жіберу және тәжірибе алмасу үшін мол мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударады.
Сіз «ҚМГ мұнайшылар үйіне» 15 ақпанға дейін бара аласыз, онда біздің еншілес кәсіпорындарымыздың қызметімен танысуға болады. Компьютерлік-жаттығу кешендерінің инструкторлары мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық қондырғыларының нақты уақыттағы жұмысын виртуалды режимде көрсетеді.
Дефектоскопистер бұзбай бақылау жабдығының қалай жұмыс істейтінін көрсетсе, 3D принтердің көмегімен токарьлар мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылатын компоненттерді әзірлейді.
Сондай-ақ «Мұнайшылар үйіне» келушілер геологиялық жыныстардың үлгілерін, мұнай өнімдерін, полипропиленнен шығарылатын дайын өнімдерді көре алады.