ҚМГ басшысы «Жұмысшы мамандықтар қаласы» көрмесіне белсенді қатысқан еншілес кәсіпорындардың қызметкерлерін марапаттады
17.02.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысушылардың іс-шараны ұйымдастыруға қосқан маңызды үлесін және олардың еңбегі мен кәсіби біліктілігі ҚМГ компаниялары тобының және жалпы мұнай-газ саласының дамуында шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
- Еліміздің Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты интерактивті көрме өтті. Оған сіздер белсенді атсалысып, «ҚМГ мұнайшылар үйіне» келген оқушылар мен студенттерді қарсы алып, оларға өз мамандықтарыңыздың қыр-сырын түсіндірдіңіздер. Жалпы, ҚМГ өндірістегі жұмысшыларға жайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар кәсіптік оқыту, біліктілікті арттыру, кадрларды даярлау, тағылымдамаларға жіберу және тәжірибе алмасуға ерекше назар аударады», - деді Асхат Хасенов.
Фестивальге белсенді қатысқаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алғыс хаттарымен:
➤ Мұханов Жанполат Жарылғасұлы - «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының 5-дәрежелі токарі
➤ Әбиев Мақсат Мұхамбетұлы - «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай-газ өндіру басқармасының 5-дәрежелі дефектоскописі
➤ Есениязов Тұрлыбек Ерболұлы - «Өзенмұнайгаз» АҚ сандық станок бағдарламалық басқармасының электроншысы
➤ Ақжігітов Сүйіндік Есжанбайұлы - «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу және технологиялық коммуникациялар басқармасы №2 цех бастығының орынбасары
➤ Нұрбосынов Біржан Сұлтанұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ рентген-гаммографиялау бойынша бесінші дәрежелі дефектоскописі
➤ Егунов Кирилл Сергеевич - «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика цехының аспапшысы
➤ Лоор Артур Федорович - «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасына өндірістік қызмет көрсету базасының рентген, гамма-графикалау дефектоскописі
➤ Дастан Әділбекұлы - «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің шебері
➤ Қайыргелдинов Ахат Мұратұлы - «АМӨЗ» ЖШС технологиялық қондырғылар операторы
➤ Фаткеев Рафаэль Сергеевич - «АМӨЗ» ЖШС оқу-жаттығу пунктінің жетекші инженер нұсқаушысы
➤ Енсанов Нұрлан Дүйсенбайұлы - «АМӨЗ» ЖШС оқу-жаттығу пунктінің жетекші инженер нұсқаушысы
➤ Айдын Серікұлы - «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС флотын техникалық пайдалану қызметінің басшысы
➤ Әлжанов Нұржан Серікұлы - «ПМХЗ» ЖШС технологиялық қондырғылар операторы
➤ Темірбек Дамыс - «ПМХЗ» ЖШС технологиялық қондырғылар операторы
➤ Әбдірахманов Диас Мұратұлы - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің жетекші маманы
➤ Бисенқұлов Ризуан Айбарұлы - «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС бас технолог қызметінің жетекші инженері марапатталды.