ҚазМұнайГаз «Тұрақты даму мақсаттарының чемпиондары – 2026» байқауының бас жүлдесін иеленді
12.11.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге елеулі үлес қосқаны үшін SDG Champions 2026 байқауында бас жүлдені иеленді. Байқауды Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шартының желісі ұйымдастарды.
Марапаттау іс-шарасы 2026 жылғы 10 қарашада Алматы қаласында БҰҰ күніне орай «Бизнес және Тұрақты даму мақсаттары» өңірлік форумы аясында өтті. ҚазМұнайГаз «Ірі бизнес» санатында ең жоғары марапат — Бас жүлдеге лайық деп танылды.
SDG Champions БҰҰ-ның Жаһандық шартына қатысушы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан компаниялары арасында өткізіледі. Байқаудың негізгі мақсаты — бизнестің ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде жауапты әрі орнықты бизнес жүргізу тәжірибесін дамытуға бағытталған бастамаларды ілгерілету. 2026 жылы компаниялардың 2025–2026 жылдары атқарған қызмет нәтижелері бағаланды.
Байқауға ұсынылған өтінімдерді тәуелсіз қазылар алқасы орнықты дамудың негізгі бағыттарын қамтитын тоғыз критерий бойынша бағалады. Олардың қатарында - тұрақты даму саласындағы бастамалар мен инновациялық шешімдерді іске асыру, ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан нақты үлесі, серіктестермен және жеткізушілермен өзара іс-қимыл, есептілік пен ашықтық, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік, сондай-ақ корпоративтік басқару сапасы бар.
Бұл марапат ҚазМұнайГаздың тұрақты даму қағидаттарын корпоративтік стратегиясы мен операциялық қызметіне интеграциялау бағытындағы жұмысының нәтижесін көрсетеді. Компания БҰҰ-ның Жаһандық шартының қатысушысы ретінде ТДМ-ға қол жеткізуге бағытталған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.