Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Grace Қазақстанда отандық мұнай өңдеу зауыттарына арналған катализатор өндірісінің перспективаларын талқылады

31.05.2024

30 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «W.R. Grace» компаниясының өңдеу технологиясы бөлімшесінің президенті Луис Сирихалмен кездесу өткізді.

Тараптар бірлескен кәсіпорын – «Грейс Қазақстан Каталистс» ЖШС-нің қазіргі қызметін талқылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасында каталитикалық крекинг катализаторының өндірісін құру перспективаcын қарастырды. Жыл соңына дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлей отырып, жергілікті шикізатты (оның ішінде сирек жер элементтерін) пайдалану арқылы өндіріс мүмкіндігін бағалауды жүргізу туралы шешім қабылданды.

Катализаторлар — мұнайды терең өңдеуді қамтамасыз ететін маңызды технологиялық процестердің бірі ‒ каталитикалық крекинг процесін жүргізу үшін қажет. Крекинг (ағылш. cracking, crack — бөлшектену, ыдырау) - жоғары температура мен қысым қолданылу жағдайында  мұнай өнімдерінің ыдырау процесі. Катализаторлар мұнай крекингі процесін жылдамдатады және бүкіл мұнай өңдеу технологиясының негізгі компоненттерінің бірі.

Grace-пен жасалған ынтымақтастық бірқатар отандық МӨЗ-на әлемдік стандарттар бойынша каталитикалық крекинг катализаторларын жеткізумен және сынаумен айналысатын "Грейс Қазақстан Каталистс" БК қызметіне негізделген. Бірлескен кәсіпорын зауыттарда жедел шешім қабылдау мақсатында 2022 жылы Атырау қаласында мұнай өңдеу өнеркәсібіне арналған катализаторларды сынау бойынша Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған зертхананы пайдалануға берді.

Анықтама:

"W. R. Grace" компаниясы химиялық өнімдер мен материалдар нарығындағы көшбасшылардың бірі. 1854 жылы құрылған. Әлемнің 40 шақты елінде жұмыс істейді. Нью-Йорк қор биржасында листингленген. АҚШ-тың ең ірі компанияларының тізіміне кіреді (Fortune 1000).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>