Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Grace мұнай химия зертханасы отандық мұнай өңдеу зауыттары үшін 900-ге жуық зерттеу жүргізді

02.11.2023

Мұнай өңдеу өнеркәсібіне арналған катализаторларды сынақтан өткізетін Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі алғашқы мамандандырылған зертхана өз тиімділігін көрсетіп келеді. Бұл – 2022 жылы наурыз айында «Грейс Қазақстан Каталистс» ЖШС базасында ашылған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен Grace (АҚШ) компаниясының бірлескен кәсіпорны.

Атырауда орналасқан зертхана іске қосылған сәттен бастап «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нен алынған катализаторлардың 218 үлгісі өңделді, сондай-ақ 900-ге жуық зертханалық зерттеу жүргізілді. Бірлескен кәсіпорында отандық білікті мамандар жұмыс істейді.

Бұған дейін қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары катализаторлардың сынамаларын еуропалық зертханаларға жіберіп, олардың нәтижелерін алу екі айға дейін созылатын. Жаңа зертхана ашылғалы үлгілерді талдау нәтижесін алу уақыты бірнеше сағатқа дейін қысқарды. Катализаторлардың көрсеткіштері (мысалы, таблетка түріндегі алюмосиликат) крекинг процесінің тұрақты жұмысын сақтап тұруға бағытталған катализаторды ауыстыру немесе қалпына келтіруді жоспарлау үшін маңызды. Сондықтан нәтижелерді уақтылы алу қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында каталитикалық крекингтің үздіксіз және сапалы жұмысына септеседі.

Катализаторлар каталитикалық крекинг процесін жүргізу үшін қажет. Ол мұнайды терең өңдеуді қамтамасыз ететін маңызды технологиялық процестердің бірі. Крекинг (ағылш. cracking, crack — ыдырау) — бұл мұнай өнімдерін арнайы қондырғыларда 450-550°C температурада, көптеген жағдайда жоғары қысым мен катализаторды қолдану арқылы ыдырату процесі. Каталитикалық крекинг кезінде крекинг процесін жеделдету үшін арнайы катализаторлар қолданылады. Өз кезегінде, каталитикалық флюид крекингі (Fliud Catalytic Cracking — FCC) тазартылмаған мұнайдың көмірсутек фракцияларынан бензин, олефин газын және басқа да мұнай өнімдерін алу үшін қолданылады.

Мұнай өңдеу кезінде сапаны қамтамасыз ету және мөлшерлемені бақылау үшін FCC катализаторы үлгілерінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін нақты білу қажет.

Қазақстандық Grace мұнай химия зертханасының төрт негізгі зерттеу әдісі бар:

  1. Үйінді тығыздығының көлемін анықтау.
  2. Лазерлік дифракцияны қолдана отырып, түйіршектердің өлшем құрамын анықтау.
  3. Брюэр-Эмметт-Теллер тәсілін қолдана отырып, меншікті бетті анықтау .
  4. Рентген-флуоресцентті (РФА) талдау әдісімен химиялық құрамды талдау.

FCC катализаторлары ретінде негізінен алюмосиликаттар қолданылады — бұл табиғи саздан жасалған, таблетка түріндегі синтетикалық немесе микросфералық алюмосиликаттар. Аталған заттарды пайдалану барынша көп мөлшерде бензин өндіруге және өңдеу өнеркәсібінде ауыр шикізатты пайдалануға мүмкіндік береді. Катализаторлар кокстеліп, көмірсутектердің буынан ауыр фракцияларды сіңіреді, нәтижесінде мұнайдың бензин (жеңіл фракция) және кокс (ауыр фракция) крекингі (ыдырауы) жүреді.

Анықтама үшін:

«Грейс Қазақстан Каталистс» ЖШС — ҚазМұнайГаз бен американдық GRACE компаниясының (бүкіл әлем бойынша жеті өндіріс алаңы бар FCC катализаторларын өндіретін әлемдік көшбасшы компания) бірлескен кәсіпорны. Ол 2019 жылы Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласы пайдаланылатын катализатор өндіру жөніндегі толық циклді зауытты елімізде салу мүмкіндігін бағалау үшін құрылған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>