Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев Өзен кен орнына және Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды

28.07.2023

28 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік объектілеріне, атап айтқанда N°3 мұнай-газ өндіру басқармасының N°3 топтық қондырғысына, сондай-ақ Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахманов кәсіпорынның негізгі өндірістік көрсеткіштері туралы баяндады.

М. Мырзағалиев баяндаманы тыңдаған соң ҚМГ жұмыс тобы бұған дейін «Өзенмұнайгаздың» қаржы-шаруашылық қызметіне үлкен тексеру жүргізгенін, оның қорытындысы бойынша кешенді іс-қимыл жоспары әзірленгенін атап өтті. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығына анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында аталған құжатты толық орындауды жалғастыру тапсырылды.

«Көрсетілген шараларды іске асыруға кәсіпорынның ұжымы мен кәсіподақ ұйымдарын тарту керек, сондай-ақ жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. «Өзенмұнайгаз» басшылығы осы шаралардың орындалуын ерекше бақылауында ұстауы керек. Қызметкерлер жүргізіліп жатқан жұмыс туралы тұрақты негізде хабардар болып отыруға тиіс», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Н. Әбдірахманов Өзен кен орнын оңалту жобасын іске асыруға дайындық жұмысына жеке тоқталып өтті: өндірістік блок өкілдері, қаржы мамандары, сатып алушылар, заңгерлер, сондай-ақ «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС ғылыми қызметкерлерінен қалыптасқан жобаны басқару тобы құрылды.

«Бүгінгі күні Үкіметтің тиісті қолдауын алдық. Бұл жоба өндіру көлемін арттыру, жаңа техникалар мен технологияларды қолдану, жұмыс орындарын сақтап қалу мен өңірдің әлеуметтік әл-ауқаты үшін маңызға ие», — деп толықтырды ҚМГ басшысы.

Сонымен қатар, ҚМГ Басқарма төрағасына кен орындарында электр қуатының ажырауына байланысты компанияның өндірістегі шығындары мен кіріс бойынша шығындары жайлы баяндалды. Биылдың өзінде осы себеппен кіріс бойынша 42 млрд теңге шығын келген. М. Мырзағалиев өз кезегінде өндіріс қарқынын кезең-кезеңімен арттыра отырып, өндіріс көлемін жоспарланған көрсеткіштерге жеткізуді тапсырды.

ҚМГ басшылығы, сондай-ақ, Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды. М. Мырзағалиев тендер жеңімпазын анықтау бойынша рәсімдерді 2023 жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды және кәсіпорын құрылысын белгіленген мерзімде бастауды тапсырды.

«Бұл — компаниямыздың Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асыратын маңызды жобаларының бірі. Қуаты жылына 900 млн текше метр болатын зауыт сұйытылған газ тұтыну нарығындағы жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ол.

Сапар барысында жаңа газ өңдеу зауытын салу кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына ерекше назар аудару тапсырылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>