Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытын салу мерзімін қатаң сақтауды тапсырды

08.07.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс жобасын іске асыру бойынша көшпелі жиын өткізді. 

Қазіргі кезде құрылыс процесін тиімді ұйымдастыру және жұмыстардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, зауыт №1 және №2 іске қосу кешендеріне бөлінген. 

№1 іске қосу кешенінің алаңында блок-модульді ғимарат іргетасының негізін дайындау, майды бұруға арналған сыртқы кәріз желілері үшін траншеяларды қазу, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды электрмен жабдықтау жүйесін орнату, сондай-ақ автомобиль таразыларын монтаждау және уақытша қойма алаңының шатырын салу бойынша жұмыстар аяқталды. 

№2 іске қосу кешені бойынша аумақты макрожоспарлау, топырақ төсеу, төселген топырақты тығыздау, сонымен қатар жерді тегістеп, оны жобалық деңгейге жеткізу үшін карьерлік топырақты тасымалдау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жалпы, жобалау жұмыстары, жабдық пен материалдарды сатып алу мен жеткізу, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары 7,1%-ға орындалды, бұл жоспарлы көрсеткіштерге сай келеді.

Сонымен қатар негізгі технологиялық тізбек, жалпы зауыттың шаруашылық және әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы нысандары бойынша жобалық құжаттама әзірленуде. Болашақ зауыттың 3D модельдеу жұмыстарының 60%-дан астамы аяқталды. 

Технологиялық жабдықтар бөлігінде блок-модульді конструкциялар дайындалуда. Бекітілген кестеге сәйкес жабдықты монтаждау 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. 

Жиын барысында Асхат Хасенов құрылыс жүргізу кестесін қатаң сақтауды және барлық жұмысты белгіленген мерзімде орындауды тапсырды. 

Айта кетейік, Жаңаөзен қаласындағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Келісімшарт 2024 жылы ақпанда қабылданды. Оның талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстары 2027 жылдың ақпанында аяқталады (құрылыстың нормативті/жобалық мерзімі — 36 ай). Жоба жылына 900 млн текше метрге дейін табиғи және ілеспе газды өңдеу қуатына ие заманауи өндірістік кешен құруды қарастырады. Зауыт тауарлық құрғақ газ, сұйытылған көмірсутекті газ, пентан-гексан фракциясын және тауарлық күкірт  шығаратын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>