Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы: жобаның қазіргі жағдайы
23.06.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды.
Бүгінгі күні зауытта инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы, соның ішінде іргетас пен монолит қабырғаларды бетондау жұмыстары жалғасуда. Осы уақытқа дейін қабылданған бетонның жалпы көлемі – 7,2 мың м³ астам.
Сыртқы электр жүйемен жабдықтау жұмыстары аяқталды, іске қосу-баптау іс-шараларына дайындық жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңына 9 резервуардың бөлшектері жеткізілді, жалпы резервуар саны - 13. Қалғаны жолда келе жатыр. Жақын арада оларды монтаждау мен құрастыру жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы дайындалатын 259 жабдықтың 88-і жасалды, 11 модуль құрастырылуда.
Айта кетсек, зауытты салу кезінде модульдік құрылыс әдісі қолданылуда, бұл оны елдегі осыған ұқсас басқа кәсіпорындардан ерекшелендіреді. Басты технологиялық модульдер зауытта дайындалып, кейін құрылыс орнына жеткізіледі. Алаңда олардың іргетасы қаланып, модульдерді монтаждау жұмыстары орындалады.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда және жылына 900 млн м³ дейін табиғи және ілеспе газды өңдей алатын заманауи өндірістік кешен құруды көздейді. Зауыт Маңғыстау облысының халқы мен өнеркәсіптік нысандарын құрғақ газбен, сұйытылған мұнай газымен және пентан-гексан фракциясымен қамтамасыз етеді.