Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Асхат Хасенов Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысын тексерді

28.09.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды.

Бұған дейін хабарланғандай, зауыт құрылысының жобасы процесті тиімді ұйымдастыру және жұмыстардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін 2 іске қосу кешеніне бөлінген.

Бірінші іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталды. Қазіргі уақытта жалпы құрылыс жұмыстары толық көлемде аяқталды. Биыл қарашада жабдықты жеткізу және монтаждау жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Екінші іске қосу кешені бойынша аумақты макрожоспарлау, топырақ төсеу, төселген топырақты тығыздау, шұңқырларды әзірлеу, сондай-ақ өрт сөндіру бекеті, зертхана, операторлық, әкімшілік-тұрмыстық кешен мен резервуарлар үшін іргетас құю жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта негізгі технологиялық жабдықтың (сыйымдылықтар, резервуарлар, бағаналар, жылу алмастырғыштар, газ турбиналары, компрессорлар мен сорғылар) 100 позициясы жасалып жатыр. Қытайдағы зауыттарда ЕРС-мердігер мен Тапсырыс берушінің қатысуымен аралық инспекциялау және жұмыс кезеңдерін қабылдау жүргізілуде.

Жұмылдырылған персоналдың жалпы саны шамамен 100 адамды және 10 арнайы техниканы құрайды. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес орындалуда.

Айта кетейік, Жаңаөзен қаласындағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Жоба жылына 900 млн текше метрге дейін табиғи және ілеспе газды өңдеу қуатына ие заманауи өндірістік кешен құруды қарастырады. Зауыт тауарлық құрғақ газ, сұйытылған көмірсутек газын, пентан-гексан фракциясын және тауарлық күкірт шығаратын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>