Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз қызметкерлері мемлекеттік марапаттарға ие болды

24.10.2023

24 қазанда «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ  елордалық кеңсесінде Республика күніне арналған салтанатты шарада компанияның бірқатар қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды.

Мемлекеттік наградалар: «Ерен еңбегі үшін» медалімен —Ізімқайыр  Бекмағамбетов («Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру  басқармасының №2 «Терең-Өзек» мұнай және газ өндіру цехының №1 мұнай өндіру бригадасының 5 разряд мұнай және газ өндіру операторы); Бағлан Досбаев («ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының бастығы); Тоқсанбай Сейтенов («Қазақойл Ақтөбе» ЖШС механика, энергетика, метрология бөлім бастығының энергетика жөніндегі орынбасары) марапатталды.

ҚМГ  компаниялары тобында осы жоғары марапатқа Ходжагельды Мараев («Өзенмұнайгаз» АҚ №1 мұнай-газ өндіру басқармасының №8 мұнай-газ өндіру цехының 5-разрядты мұнай және газ өндіру операторы); Алексей Аникин («Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өндірістік департаментінің директоры) және Болат Нсанбаев («Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры) ие болды.

ҚМГ компаниялары тобының 250-ден астам әртүрлі мамандықтағы үздік қызметкерлері (операторлар, слесарлар, дәнекерлеушілер, электромонтерлер, машинистер, диспетчерлер, мотористер және т.б.) ведомстволық марапаттарға ие болды.

Аға буын мұнайшылардың атқарған елеулі еңбегімен қоса ҚазМұнайГаз қызметкерлері еліміздің қуатты экономикасы мен әл-ауқатының өсуіне зор үлес қосуды жалғастыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>