«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысы
10.06.2024
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, ҚМГ немесе «Компания») 2024 жылғы 28 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (бұдан әрі – Жалпы жиналыс) ішкі дауыс беру нәтижелерін жариялайды.
Жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге құқығы бар ҚМГ акционерлерінің тізіміне сәйкес акциялар саны 610 063 688 құрады. Жалпы жиналысқа қатысу үшін компанияның барлығы 476 899 875 жай акциясына иелік ететін акционерлер (және/немесе олардың уәкілетті өкілдері) тіркелді, бұл ҚМГ-ның дауыс беретін жалпы акциялар санының 78,17% құрайды.
Жалпы жиналыс отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша акционерлер дауыс беріп, шешімдер қабылданды.
| Жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер | Қолдаймын | % | Қарсымын | % | Қалыс қалдым | % |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2023 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы | 476 899 875 | 100 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| 2. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылдың таза кірісін бөлу тәртібі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшері туралы | 476 899 875 | 100 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| 3. 2023 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы | 476 899 875 | 100 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| 4. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы | 476 899 875 | 100 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| 5. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2025-2029 жылдарға арналған қаржылық есебіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды айқындау туралы | 476 899 875 | 100 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| 6. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының Есептеу комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы | 476 899 875 | 100 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| 7. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның кейбір мәселелері туралы | 476 899 875 | 100 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| 8. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен (№2/2023 хаттама, №5 мәселе) бекітілген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | 476 899 875 | 100% | 0 | 0,00% | 0 | 0,00% |
2023 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу туралы
Акционерлер компанияның дивидендтік саясатын және Директорлар кеңесінің ұсынымын басшылыққа ала отырып, 2023 жылғы аудиттен өткен қаржылық көрсеткіштер негізінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2023 жылғы пайдасынан төленетін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бір жай акциясына шаққанда 491,71 теңгеге (төрт жүз тоқсан бір теңге жетпіс бір тиын) дивиденд мөлшерін бекітті. Осылайша, жалпы дивиденд сомасы шамамен 300 миллиард теңгені құрайды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд акционерлер тізілімінде 2024 жылы 29 мамырда жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT +5) тіркелген тұлғаларға 2024 жылғы 24 маусымнан бастап төленеді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Жалпы жиналыстың дауыс беру қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Мағзұм Маратұлы Мирзағалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Асхат Ғалымұлы Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының жаңа төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Асхат Хасенов еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ (Қызылорда қ.) мұнай-газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастады.
2006 – 2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маман, бас маман, мұнай-газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице-президент болып жұмыс істеді.
2011 – 2019 жылдары еңбек жолын ҚР Мұнай және газ министрлігінде жалғастырып, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасын, кейін мұнай-химия және техникалық реттеу департаментін басқарды.
2019 – 2022 жылдары «KLPE» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тағайындалғанға дейін 2022 – 2024 жылдары аралығында ҚР энергетика вице-министрі болып қызмет етті. Бұл лауазымда жер қойнауын пайдалану және мұнай-газ химиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті, сонымен бірге Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияны басқарды.
Хасенов мырза AIX Ақпаратты ашу ережелерінің 1-кестесінің 2.6-тармағының d), е), f) және g) тармақшаларында және AIX ресми тізіміне енгізілген компаниялардың тұрақты міндеттемелері жөніндегі нұсқаулықтың 1.6-тармағының d), e), f) және g) тармақшаларында көрсетілген, жария етуге жататын ақпарат жоқ екенін растайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жиналыс қорытындысы бойынша акционерлердің жалпы жиналысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге «қолдап» дауыс беруге шешім қабылдады. Бұл өзгерістер мен толықтырулар компанияның (оның Басқармасының) орналасқан жеріне, сондай-ақ ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының ҚМГ Басқарма төрағасын тағайындау (сайлау) және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату өкілеттіктерін ҚМГ Директорлар кеңесінің пайдасына бөліп беруге қатысты болды.
ҚМГ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға қарасты «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорындағы нөмірлеудің ауысуымен, сондай-ақ ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының ҚМГ Басқарма төрағасын тағайындау (сайлау) және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату өкілеттіктерін ҚМГ Директорлар кеңесіне беруімен байланысты. Мақсаты – мұндай шешімдердің шұғыл әрі баламалы қабылдануы.