ҚМГ басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытындағы негізгі жобалардың жүзеге асу барысын тексерді
18.05.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары кезінде Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болып, өндірістік нысандардың жұмысын тексерді. Сондай-ақ операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған негізгі жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.
Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша зауыт 1 млн 966 мың тонна шикізат өңдеп, жоспардағы көрсеткіштен 47 мың тоннаға асып түсті. Осы кезеңде АМӨЗ-де мұнай өңдеу тереңдігі 90% жетті. Жеңіл мұнай өнімдерінің нақты өнімділігі 79,1% құрап, былтырғы деңгейден 2,6% жоғары болды. 722 мың тонна автобензин өндіріліп, былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсім 8,4% құрады. Дизель отынын шығару көлемі 668 мың тоннаға жетіп, 14,5% артты, ал авиакеросин өндірісінің көрсеткіші 68 мың тоннаны құрап, 6% ұлғайды.
Зауыт дамуының маңызды бағдары – кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу. Осыған орай бүгінгі таңда кәсіпорын жабдықтарды техникалық жаңарту, құрал-жабдықтарға арналған бөлшектердің қажетті қорын жасақтау және өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру жұмыстарын жан-жақты жүргізуде. Зауыт алдында тұрған стратегиялық міндет – жабдықтардың сенімділік деңгейін төмендетпей, тоқтаусыз жұмыс істейтін операциялық циклді қамтамасыз ету.
Сонымен қатар зауыт қолданыстағы электрмен жабдықтау желілеріне қосымша ретінде сыртқы энергетикалық инфрақұрылымды реконструкциялау жобасын қолға алды, бұл резервтік қуат көзін құруға мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, электр энергиясын автоматты басқару жүйесін енгізе отырып, нысанды сәтті іске қосу нәтижесінде өндірістік процестің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі, апаттық жағдайлардың туындау ықтималдығын төмендетеді және негізгі желіде іркілістер болған кезде аса маңызды жабдықтардың қорғанысын арттырады. Жоба биыл күзде аяқталады деп жоспарланып отыр.
Кәсіпорынның экологиялық бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды арнайы қалқымалы қақпақ — понтондармен жабдықтауды жалғастыру. Бұған дейін 13 резервуар осындай жүйелермен жабдықталды. 2026 жылы кәсіпорын тағы 9 резервуарды жабдықтауды жоспарлап отыр, бұл ретте жұмыстар белгіленген кестеден бұрын орындалады. Аталмыш шаралар әр резервуардан бөлінетін көмірсутек шығарындыларын 90% азайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында зауыт жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, цифрлық шешімдерді енгізіп жатыр. Пилоттық жоба жабдықтың ауытқуларын ерте кезеңде анықтайтын болжамды сараптаманың жоғары тиімділігін дәлелдеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын ЖИ енгізудің толық кезеңіне өтті. Интеллектуалды жүйеге 100-ден аса жабдық қосылады деп көзделген.
Жиын қорытындысы бойынша Асхат Хасенов АМӨЗ басшылығына зауытты кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшіру, өндірістің тиімділігін арттыру, кәсіпорынның тұрақты, қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және цифрлық шешімдерді барынша енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.