Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жаңаөзендегі газ электр станциясы желіге электр энергиясын бере бастады

31.08.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласындағы жалпы қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясының құрылыс алаңына барды.

Жоба ҚМГ мен италиялық Eni компаниясымен бірлесіп іске асырылуда, сондай-ақ күн (50 МВт), газ (120 МВт) және жел (77 МВт) генерациясын бірыңғай энергетикалық кешенге біріктіруді көздейді.

Газ электр станциясының құрылыс алаңында үш газ поршенді агрегаттың жүктемесіне сынақ жүргізілді. Қондырғылар энергия жүйесімен үйлестіріліп, электр қуаты желіге берілді. Әр қондырғы өзінің номиналды 20 МВт электр қуатына шығарылды. Барлығы 500 мың кВт·сағ астам электр энергиясы өндірілді.

Сонымен қатар 110 кВ қосалқы станциясының, газ құбыры мен байланыс желілерінің құрылысы аяқталды. Алдағы уақытта тағы үш газ поршенді агрегаттың сынақ жұмыстары, кешенді сынақтар жүргізіледі және нысан өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. Газ электр станциясының дайындық деңгейі 98,3% жетті. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаннан бері нысанда жарақатсыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз (LTI) 2,7 млн адам-сағат тіркелді. Құрылыс қызған шақта мұнда 1000-нан астам адам жұмылдырылған болатын.

Жел электр станциясының (ЖЭС) жобасы бойынша жел турбиналарының іргетасын құю үшін 6 қазандық дайындалды, құрылыс алаңына негізгі жабдық жеткізіле бастады.

2025 жылғы қыркүйекте іске қосылған күн электр станциясы (КЭС) осы уақытқа дейін шамамен 75 млн кВт·сағ электр энергиясын өндіріп, өңірдегі күн генерациясының тиімділігін растады.

Гибридті электр станциясының нысандары өнеркәсіптік пайдалануға толық енгізілгеннен кейін тұрақты жұмыс орындарының жалпы саны 77 құрайды. Атап айтқанда, КЭС-ке қабылданған 15 маман, ал газ электр станциясында 47 орын және ЖЭС-те 15 орын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>