Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз халықаралық форумда геологиялық барлау стратегиясын таныстырды

02.04.2026

Бүгін Астанада «Geoscience & Exploration Central Asia» (GECA-2026) халықаралық геологиялық форумы өз жұмысын бастады. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев іс-шарада сөз сөйлеп, алдағы жылдары ҚМГ жаңа технологияларды қолдану арқылы ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетінін айтты. Бұл шаралар көмірсутек шикізаты қорының өсуі есебінен компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. 

ҚазМұнайГаз аймақтық геологияның ерекшеліктерін терең ұғыну үшін бүгінде ел аумағының шамамен 33% алып жатқан Қазақстанның 15 шөгінді бассейнінің 5-нің бассейндік модельдеуін жасады. Айта кетсек, осы аумақта еліміздің барланған көмірсутек қорының 100% шоғырланған. Цифрланған модельдеу деректерін қолдану геологиялық барлау саласындағы стратегиялық міндеттерді жеделдетіп іске асыруға жол ашады.

ҚМГ-ның қазіргі портфелі шамамен 4,7 млрд тонна шартты отынның жиынтық геологиялық ресурстық базасы бар 20-дан астам жобадан тұрады. Каспий маңы мен Жылыой карбонаттық платформасының терең тұзасты шөгінділерінің мүмкіндігін ескерсек, ресурс әлеуеті қосымша 60 млрд тонна шартты отынға дейін жетуі ықтимал. 2026-2029 жылдар аралығында компания 2D мен 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ ондаған іздеу ұңғымаларын бұрғылауды жоспарлап отыр.

Бұл ретте инновациялық технологиялар жан-жақты енгізілуде. Атап айтқанда, компания дала жұмыстарын 20% жеделдететін сымсыз сейсмикалық қабылдағыштарды және экологиялық тұрғыдан сезімтал жерлерде жұмыс жүргізу үшін электр-магниттік импульс көздерін пайдаланады. 

Қ.Есқазиев атап өткендей, Каспий маңы шөгінді алабының терең көкжиектерін одан әрі зерттеу – компания басымдықтарының бірі. Жоғары қабат қысымы, күкіртсутегінің көп мөлшерде болуы және тұзды шөгінділер сияқты үлкен технологиялық тәуекелдерге қарамастан, қазіргі геофизикалық мәліметтер бассейннің геологиялық әлеуеті зор екенін көрсетуде. Осыған орай, ұлттық компания 200 000 шаршы км жуық аумақта 60 000 км көлемінде 2D ауқымды сейсмикалық барлау жүргізуді жоспарлап отыр.

ҚазМұнайГаздың бұл бағыттағы жұмысы компанияның ғана емес, жалпы Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Алынған зерттеудің нәтижелері жас геолог мамандарының болашақ қызметі үшін білім сабақтастығын қамтамасыз етпек.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>