Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы: жобаның қазіргі барысы

25.05.2026

Бүгінгі күні кәсіпорынның сыртқы электр жүйелерімен жабдықтау нысаны салынып бітті, іске қосу-баптау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

Құрылыс алаңына өртке қарсы су жинауға арналған резервуарлар, сондай-ақ сұйытылған көмірсутек газын, жеңіл көмірсутектердің кең фракциясын және пентан-гексан фракциясын сақтайтын ыдыстар жеткізілді. Резервуарлар орнатылатын арнайы орындар дайын болды.

Зауыттың жалпы шаруашылық нысандарының құрылысы жалғасуда, атап айтқанда өрт сөндіру бекеті, зертхана, қоймалар, әкімшілік-тұрмыстық кешен, операторларға арналған ғимарат, ауыз сумен және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері салынып жатыр. Жақын арада зауыттың жалпы шаруашылық резервуарларын құрастыру жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ұзақ уақыт жасалатын жабдықтар әзірленуде. 259 жабдықтың 74-і жасалды. 7 модульді құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетсек, зауытты салу кезінде модульдік құрылыс әдісі қолданылуда, бұл оны елдегі осыған ұқсас басқа кәсіпорындардан ерекшелендіреді. Басты технологиялық модульдер тапсырыс берілген зауытта дайындалып, кейін құрылыс алаңына жеткізіледі. Ол жерде модульдердің іргетасы қаланып, монтажы орындалады.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында шамамен 160 адам жұмылдырылған.

Ірі жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда және жылына 900 млн м³ дейін табиғи және ілеспе газды өңдей алатын заманауи өндірістік кешен құруды көздейді. Зауыт Маңғыстау облысының халқы мен өнеркәсіптік нысандарын құрғақ газбен, сұйытылған мұнай газымен және пентан-гексан фракциясымен қамтамасыз етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>