Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Серікқали Брекешев ҚМГ-нің болашақ газ стратегиясының негізгі параметрлерін таныстырды

27.10.2023

ҚазМұнайГаз 2030 жылға қарай табиғи газ өндірісін жылына 6,7 текше метрге дейін арттыруды жоспарлайды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев ҚМГ-нің болашақ газ стратегиясының негізгі параметрлерін таныстырды. Бұл туралы ол 27 қазанда Астанада Energy Monitor қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Energy Trans: Gas&Petrochemicals салалық конференциясында баяндады.

«ҚазМұнайГаз» 2030 жылға қарай табиғи газ өндірісін жылына 6,7 млрд текше метрге дейін арттыру туралы жоспар көрсетілген Газ стратегиясын әзірлеп жатыр. Аталған стратегия газ өндіру деңгейін ірі жобаларды (Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған) есептемегенде, қазіргі және барлау жобалары есебінен ұлғайтуды көздейді.

Табиғи газ өндірудегі негізгі өсім келесі жобалар есебінен қамтамасыз етілетін болады:

Оңтүстік Ақсай кен орны. 2023 жылдың мамыр айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС Оңтүстік Ақсай кен орнынан жылына 100 млн текше метр көлемінде газ жеткізуді бастады. Осылайша, кәсіпорыннан жеткізілетін газ көлемі жылына 200 млн текше метрден 300 млн текше метрге дейін артады.

Рожков кен орны («Орал ойл энд газ» ЖШС). Алғашқы газ беру жыл соңына дейін жоспарланған. Газ өндіруді 2030 жылға қарай жылына 900 млн текше метрден астам деңгейге дейін кезең-кезеңімен ұлғайту көзделіп отыр. Рожковское кен орнынан алынған шикізат Чинарев газ өңдеу зауытында («Жайықмұнай» ЖШС) өңделеді. Кәсіпорын газды барынша көп көлемде өндірсе, сұйытылған мұнай газын да (шамамен 100 мың тонна) шығаруға қауқарлы болады.

Орталық Өріктау кен орны. Газ өндірудің болжамды көлемі: 900 млн текше метр. Қазіргі жағдайы: газды өңдеу және дайындау бойынша түрлі нұсқалары бар кен орнын толық игеру тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Жаңажол мұнай өңдеу зауытының қуатын пайдалану немесе газды кешенді дайындау қондырғысын салу қарастырылуда. Сондай-ақ Өріктау кен орнының шикізаты негізінде аммиак-карбамид кешенін салу мәселесі зерттелуде.

Шығыс Өріктау кен орындары. Биыл «Өріктау Оперейтинг» ЖШС жаңартылған модельді келісімшарт қабылдады, бұл жобаның экономикасын айтарлықтай жақсартты. Газ өндірудің болжамды көлемі: 2028 жылдан бастап жылына 90 млн текше метр. Соңғы үш жылда кен орнында сынақ жұмыстары жүргізілді: бірқатар ұңғымар бұрғыланды және игерілді.

«Жаңартылған модельді келісімшарт — бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жүргізілген жер қойнауын пайдалану реформаларының нәтижесі. Аталған келісімшарт бойынша биылғы желтоқсан айынан бастап Шығыс Өріктау кен орнында мұнай өндіруді қайта бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл келісімшарт аясында өнеркәсіптік өндіріс басталған Қазақстандағы алғашқы кен орны болуы тиіс», — деп атап өтті С.Брекешев.

Батыс Прорва және Қаламқас кен орындары. 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Болжам бойынша жалпы өндіру деңгейі: жылына шамамен 1,1 млрд текше метр. Қазіргі жағдайы: газдың физика-химиялық қасиеттерін және газ өндірудің болжамды көрсеткіштерін нақтылау үшін зерттеу жұмыстары мен техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ, ҚМГ табиғи газ өндіру деңгейін арттыруға ықпал ететін келесі барлау жобаларын жүзеге асыруда:

Биыл ҚМГ Каратон Сарықамыс және Торғай Палеозой учаскелері бойынша барлау мен өндіруге келісімшарт алды. 2024 жылы осы кеніштерде барлау ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары жүргізу жоспарда бар.

«Біз аталған жобалармен шектелмейміз. Компания ресурстық базаны кеңейту үшін активтерді ұлғайту жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады. Ынтымақтастық орнатуға ашықпыз және компаниядағы газ бағытын дамытуға мүдделіміз. Газ елімізге қажет екенін түсініп, онымен қамтамасыз етуге дайынбыз», — деді сөз соңында С.Брекешев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>