Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында сұйытылған газ өндірісі туралы

03.11.2023

Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) барлық үш мұнай өңдеу зауыты ҚР Энергетика министрлігі бекіткен сұйытылған мұнай газ өндіру бағдарламасын артығымен орындады.

KMG info каз (final).jpg

2023 жылдың 10 айында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жоспарда көрсетілген 132 919 тоннамен салыстырғанда 150 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газ өндірді — жоспар 13 пайызға артығымен орындалды!

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС осы кезеңде 250 мың тоннадан астам газ шығарды (жоспар бойынша 232 775 тонна, яғни 8 пайызға артық).

«ПҚОП» ЖШС (Шымкент мұнай өңдеу зауыты), өз кезегінде, жоспарды 13 пайызға асыра орындай отырып, жыл басынан бері 251 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газ өндірді. Ал жоспар бойынша 222 571 тонна өндіру жеткілікті болған.

Жалпы, ҚазМұнайГаздың барлық үш зауыты 2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 қазанына дейін 650 мың тонна сұйытылған мұнай газ өндірді. Жоспарда белгіленген көрсеткіш – 588 265 тонна. Осылайша, ұлттық компанияға қарасты кәсіпорындар сұйытылған мұнай газ өндіру жоспарын 11 пайызға артық орындады.

Бүгінгі таңда ҚМГ МӨЗ-дерінде сұйытылған мұнай газының бір тәуліктегі өндіріс көлемі — шамамен 2 500 тонна.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>