Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Газ-химия кластері Қазақстан экономикасының дамуын жеделдетеді

09.11.2022

8 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Атырауда іске қосылған «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС (KPI) зауыты полипропилен өндірісінің әлемдік нарығындағы ірі ойыншылардың біріне айналуда. Кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына (ҚМГ) еншілес.

ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев зауытты іске қосу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстан экономикасы үшін газ-химия кешенінің стратегиялық маңызын атап өтті.

«Жоба Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және мұнай-газ химиясы есебінен экспорттағы шикізат үлесін азайтуға бағытталған. Мұнда қалыптасып жатқан газ-химия кластері және өндіріске жоспарланған базалық полимерлі шикізат желісі қазіргі импортқа тәуелділіктен арылуға ғана емес, сонымен қатар тізбектегі соңғы өнімге дейін өндіретін отандық бизнес үшін нағыз драйвер бола алады»,- деді ҚМГ басшысы.

Теңіз кен орнынан алынатын пропанды өңдеуге маманданған KPI қуаты жылына 500 мың тонна жоғары сапалы полипропиленді (64 маркаға дейін) синтездеуге есептелген.

«Біздің зауыт әлемдегі полипропилен өндірісінің шамамен 1%-ын өндіре отырып, Қазақстанның полипропиленге деген ішкі қажеттілігіне толығымен жауап береді, сондай-ақ ел экономикасының әртүрлі салаларында полипропиленнен жасалған бұйымдар өндірісін одан әрі дамытуға серпін береді»,- деді «KPI Inc.» ЖШС басқарма төрағасы Данияр Тиесов.

KPI басшысы полипропилен тек машина жасауда, медицинада, электр техникасында ғана емес, сонымен қатар орау материалдары, контейнерлер, талшықтар, құбырлар, кеңсе жабдықтары, бақша және кеңсе жиһаздары, құрылыс, тоқыма және тамақ өнеркәсібінде де қолданылатын негізгі шикізат екенін атап өтті.

Бастапқы кезеңде зауыт ең көп сұранысқа ие 11 полипропилен маркасын шығарады. Бұл ассортимент қазақстандық қайта өңдеушілердің де, экспорт нарығындағы қайта өңдеушілердің де талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Өнімнің сапасын әлемге әйгілі швейцариялық SGS компаниясы бағалайды, зертханасы зауыт аумағында жұмыс істейді.

Кешен экологиялық тұрғыдан таза және қоршаған орта қауіпсіздігінің ең қатаң стандарттарына сай келеді. Кәсіпорынға Теңізден келетін пропан зиянды заттардан тазартылған. Сонымен қатар, KPI айналымдағы сумен жабдықтаудың тұйық циклін қолданады және пропанды сусыздандыру реакциясы кезінде зиянды жанама заттар түзілмейді.

Хром-алюминий катализаторын қолдана отырып, пропанды сусыздандыру Catofin технологиясы, ал алынған пропиленді одан әрі полипропиленге полимерлеу процесі Novolen технологиясы арқылы жүзеге асады. Қос технологияны да америкалық Lummus Technology компаниясы әзірлеген және оңтүстіккореялық Wooyang HC компаниясының реакторларында қолданылады. Тек бір реактордың ұзындығы (барлығы сегіз) – 15 метр, диаметрі – 6 метр, салмағы – 145 тонна.

Жобаның бас мердігері – China National Chemical Engineering Co. Зауыт құрылысына 43 қазақстандық компания қатысты (4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды), ал жобаның өзі ең заманауи озық технологияларды пайдалана отырып іске асырылды. Жабдықтардың 77%-ы Еуропадан, АҚШ-тан, Оңтүстік Кореядан және Жапониядан жеткізілді. Бұл әртүрлі өндіріс салаларындағы әлемдік көшбасшылар – Siemens, SGS, MAN, Mitsubishi, ABB, Zeeco және басқалар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>