Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен зауытының құрылыс барысымен танысты

18.02.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін « (https://t.me/silleno_llp)Силлено (https://t.me/silleno_llp)» (https://t.me/silleno_llp) зауытының құрылыс алаңына барды.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде мұнай-газ-химиясы кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі саласындағы ең ірі нысандардың бірі.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғыда жүріп жатыр. Жобаның ілгерілеу көрсеткіші 22% құрады. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.

Этилен өндірілетін пиролиз қондырғысында қада қағу (89%) және іргетас құю (20% астам) жұмыстары жалғасуда. Құбыр эстакадаларын орнатуға арналған жерүсті құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау іс-шаралары басталды.

Екінші негізгі қондырғы — полимерлеу алаңында, сондай-ақ жалпызауыттық шаруашылық нысандарын салу бойынша 427 мың текше метр жер жұмыстары орындалды, 3 721 қада қағылды.

Биыл ірі габаритті жабдықтардың алғашқы легі, оның ішінде салмағы 1,5 мың тоннаға жуық және биіктігі 101 м болатын этиленді фракциялау бағаналары жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Олар АтырауМұнайМаш зауытында дайындалуда. Сондай-ақ металл конструкциялары мен технологиялық құбырларды монтаждау басталады.

Бүгінде құрылыс жұмыстарына 1 300-ден аса адам (90% астамы — ҚР азаматтары) және 330-ға жуық техника жұмылдырылған. Зауытты пайдалануға беру және алғашқы өнімді шығару 2029 жылға жоспарланып отыр.

Көптеген салада кеңінен қолданылатын шикізат — полиэтилен өндірісі Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтып, қосылған құны жоғары өнім өндіруді дамытуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, А.Хасенов ірі мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыру мәселелеріне арналған жиын өткізіп, оның барысында Теңіз кен орнында салынып жатқан Газ сепарациялау кешенінің (https://t.me/kmgpetrochem) және магистралды этан және пропан құбыржолдары құрылысының қазіргі жағдайы туралы есепті тыңдады. Бұл жобалар болашақ газ-химиясы өндірістеріне шикізат жеткізуді қамтамасыз етеді.

ГСК жобасының құрылысы қарқын алды: құрылыс алаңдарында қада қағу және кешеннің негізгі нысандарына арналған аумақты дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қазақстандық қамту үлесін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынды, жабдықтар мен құрылыс материалдарының бір бөлігі отандық кәсіпорындарда жасалуда. Қазіргі кезде құрылысқа 600-ден аса адам жұмылдырылды, оның 70% астамы Атырау облысының тұрғындары.

Магистраль құбыржолдардың жобасы бойынша 2025 жылдың соңында EPC-мердігер анықталып, жоспарлы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау іс-шаралары 2026 жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарланған.

ҚМГ басшысы өңірдегі барлық ірі мұнай-газ химиясы жобаларының құрылыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>