Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Ақтаудағы «Caspi Bitum» зауытының кеңею барысымен танысты

23.03.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Caspi Bitum» БК ЖШС-нің Ақтау битум зауытына барды.

ҚМГ басшысы мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту жобасын іске асыру барысымен танысты. Бұл ЭЛОУ-АВТ мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын жаңғырту есебінен жол битумын өндіруді жылына 500-ден 750 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді.

Бүгінде Ақтау битум зауытын жаңғырту аясында жабдықтарды монтаждау толық аяқталды. Ондағы маңызды іс Т-1102 вакуумды бағанын монтаждау болды. Құбырларды, электр құралдары мен БӨАжА жабдықтарын монтаждау жұмыстары аяқталуда. Сонымен қатар монтаждалған құбырларда гидравликалық сынақтар жүргізілуде. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жабдықты баптау және кейіннен іске қосу операцияларын жүргізу жоспарлануда.

А.Хасенов жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының белгіленген мерзімнен бұрын орындалып жатқанын атап өтіп, оң баға берді. Жобаны аяқтау, битум өндірісінің толық технологиялық режиміне шығу және зауытты іске қосу ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған.

«Caspi Bitum» БК ЖШС басшылығына жобаны уақтылы аяқтау үшін барлық бағыт бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>