Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 2023 жылдың тоғыз айындағы қаржы нәтижелері

22.11.2023

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері есебімен қоса, 2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айдың 34 «Аралық қаржы есептілігі» қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялайды.

2022 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2023 жылдың тоғыз айындағы[1] басты қаржы көрсеткіштері:

  • Түсім 6 776 млрд теңгемен (14 774 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 6 087 млрд теңгені (13 439 млн АҚШ долл.) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 2 020 млрд теңгемен (4 404 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 1 680 млрд теңгені (3 708 млн  АҚШ долл.) құрады;
  • Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесті ескергенде, Компанияның таза пайдасы 1 161 млрд теңгемен (2 532 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 949 млрд теңгені (2 095 млн АҚШ долл.) құрады;
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар[2] кірісінің үлесіне түзетілген таза пайда 633 млрд теңгемен (1 381 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 600 млрд теңгені (1 324 млн АҚШ долл.) құрады;
  • Бос ақша ағымы 996 млрд теңгемен (2 172 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 459 млрд теңгені (1 013 млн АҚШ долл.) құрады;
  • 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы   4 143 млрд теңге (8 956 млн АҚШ долл.) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда          4 114 млрд теңгеге (8 671 млн АҚШ долл.) жетті;
  • Компанияның 2023 жылғы 30 қыркүйектегі таза қарызы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы    2 143 млрд теңге (4 632 млн АҚШ долл.) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 084 млрд теңгені (4 392 млн АҚШ долл.) құрады.
Көрсеткіштің атауы Өлш.бірл. 2023 ж 9ай 2022 ж 9ай %
Мұнай, Dated Brent[3] $/барр. 82,07 105,51 -22,2%
Мұнай, Dated Urals[3] $/барр. 61,00 81,07 -24,8%
Мұнай, KEBCO[3] $/барр. 81,13 79,53[4] -
Орташа бағам теңге/ АҚШ долл. 452,97 458,60 -1,2%
Түсім млрд теңге 6 087 6 776 -10,2%
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі млрд теңге 565 779 -27,4%
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд млрд теңге 216 250 -13,8%
Таза пайда млрд теңге 949 1 161 -18,3%
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлеске түзетілген таза пайда млрд теңге 600 633 - 5,3%
EBITDA[5] млрд теңге 1 680 2 020 -16,8%
EBITDA[6] түзетілген көрсеткіші млрд теңге 1 330 1 492 -10,8%
Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша) млрд теңге 494 325 52,0%
Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша) млрд теңге 498 293 70,0%
Бос ақша ағымы[7] млрд теңге 459 996 - 53,9%
Жалпы қарыз[8]  млрд теңге 4 114 4 143[9] -0,7%
Таза қарыз[10]  млрд теңге 2 084 2 1439 -2,8%
  • 2022 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2023 жылдың тоғыз айындағы[11] өндірістік нәтижелер:
  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 9,0%-ға ұлғайып, 17 508 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 7,8%-ға өсіп, 59 371 мың тонна болды;
  • Қазақстан және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 14 896 мың тоннамен салыстырғанда 14 901 мың тоннаға жетті.
  2023 ж 9 ай (ҚМГ үлесіне) 2022 ж 9 ай (ҚМГ үлесіне) %
Мұнай өндіру, мың тонна 17 508 16 061 +9,0%
Газ өндіру, млн м³ 7 008 5 942 +17,9%
Мұнай тасымалдау, мың тонна 59 371 55 085 +7,8%
Мұнай өңдеу, мың тонна 14 901 14 896 +0,03%
  • 2023 жылдың 9 айындағы қаржы нәтижелеріне шолу
  • Түсім
  • Түсім 6 087 млрд теңгені (13 439 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2022 жылғы тоғыз айдың көрсеткішінен 10,2%-ға төмен.
  • Кіріс динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың тоғыз айында 22,2%-ға төмендеуі  кері әсерін тигізді.
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлес
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС-нен түсетін пайданың 243 млрд теңгеге (520 млн АҚШ долл.), «Маңғыстау Инвестментс Б.В.» компаниясынан 16,1 млрд теңгеге (34 млн АҚШ долл.) және Каспий Құбыр Консорциумы пайдасының 16 млрд теңгеге (33 млн АҚШ долл) азаюы салдарынан 27,4%-ға төмендеп, 565 млрд теңге (1 248 млн АҚШ долл.) болды.
  • EBITDA
  • EBITDA көрсеткіші 2023 жылдың 9 айында негізінен Brent маркалы мұнайға орташа бағаның төмендеуіне байланысты Мұнай және газды барлау мен өндіру сегментінде 20,1%-ға төмендеу салдарынан 2 020 млрд теңгемен (4 404 млн АҚШ долларын) салыстырғанда 1 680 млрд теңгені (3 708 млн АҚШ долларын) құрап, 16,8%-ға төмендеді.
  • EBITDA түзетілген көрсеткіші
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардың кірістеріндегі үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтерді көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 1 330 млрд теңгені (2 937 млн АҚШ долл.) құрап, 10,8% төмендегенін көрсетті.
  • Таза пайда
  • Компанияның таза пайдасы 2022 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 18,3%-ға азайып,       949 млрд теңгені (2 095 млн АҚШ долл.) құрады.
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда 633 млрд теңгеден (1 381 млн АҚШ долл.) 600 млрд теңгеге (1 324 млн АҚШ долл.) дейін 5,3%-ға қысқарды.
  • Өзіндік құн
  • Есепті кезеңде сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және өзге де материалдардың өзіндік құны 14,4%-ға төмендеп, 3 382 млрд теңгеге (7 466 млн АҚШ долл.) жетті. Өзіндік құнның төмендеуі көбінесе қайта сату үшін сатып алынған мұнайдың орташа бағасының төмендеуіне байланысты.
  • Операциялық шығыстар
  • Өндіріс шығыстары негізінен ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлердегі қызметкерлердің жалақысын көтеруге, сондай-ақ көлік қызметтеріне және қысқа мерзімге жалға алуға жұмсалған шығынның артуына байланысты 4,7%-ға артып, 865 млрд теңге (1 910 млн АҚШ долл.) болды.  
  • Тасымалдау және сату бойынша шығыстар 176 млрд теңгені (390 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 22%-ға жоғары. Бұл көрсеткіштің өсуіне KMG Kashagan B.V. бойынша сату көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ KMG International-дің мұнай өнімдерін сату көлемінің ұлғаюы себеп болды.
  • Жалпы және әкімшілік шығыстар 11,8%-ға ұлғайып, 117 млрд теңгеге (257 млн АҚШ долл.) жетті. Бұған жалақыны көтеруге жұмсалған шығынның артуы себеп болды.
  • Табыс салығынан басқа салықтар 14,9%-ға азайып, 433 млрд теңгені (955 млн АҚШ долларын) құрады. Бұған негізінен  мұнай бағасының төмендеуі себебінен экспорттық кеден бажы, шикі мұнай экспортына ренталық салық және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша шығыстардың азаюы әсер етті
  • Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы
  • 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша  құнсыздану индикаторларының болуына, атап айтқанда мұнай және газ нарығында мұнай өңдеу маржасының жоғары құбылмалылығына байланысты KMG International негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануына тест жүргізіп, құнсызданудан болған 95 млрд теңге мөлшеріндегі шығынды анықтады. 
  • 2023 жылдың маусым айында KMG International-дің еншілес ұйымы Петромидия МӨЗ-де жеңіл гидрокрекинг қондырғысында өрт шықты. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша негізгі құралдардың құнсыздануынан 3,7 млрд теңге мөлшерінде шығын анықталды.
  • 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша «Жеңіс» жобасы бойынша бұрғылау жұмыстары сәтсіз аяқталуына байланысты,  сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінен «Ақтоты және Қайран» жер қойнауы учаскелеріне қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы хабарламаның келуінебайланысты барлау және бағалау жөніндегі активтердің құнсыздануынан жалпы сомасы 102,4 млрд теңгеге шығын анықталды.
  • Осылайша, 2023 жылдың тоғыз айында ҚМГ тобы бойынша негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және барлау жөніндегі шығыстардың құнсыздануынан болған залалдың жалпы сомасы – 200,8 млрд теңге.
  • Күрделі шығындар
  • Компанияның күрделі шығындары (есептеу әдісі бойынша, сегменттік есептілікте ашып көрсетілген) 52%-ға ұлғайып, 494 млрд теңгеге (1 091 млн АҚШ долл.) жетті. Бұған «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС-де ұңғымаларды бұрғылауға және «Өзен-Атырау-Самара» құбырларының учаскесін ауыстыруға, сондай-ақ «Астрахань-Маңғыстау» магистральды су құбырын реконструкциялау мен  кеңейтуге жұмсалған шығын себеп болды. .
  • Бос ақша ағымы
  • Бос ақша ағымы былтырғы осындай кезеңмен  салыстырғанда 53,9%-ға азайып, 459 млрд теңгені (1 013 млн АҚШ долл.) құрады. Көрсеткіш мұнай бағасының арзандауына және күрделі салымдар шығынының ұлғаюына байланысты төмендеді.
  • Қарызды басқару
  • Қарыз жүктемесінің көрсеткіштері
Көрсеткіштің атауы Өлш.бірл. 2023 жылғы 30 қыркүйек 2022 жылғы 31 желтоқсан %
Облигация млрд теңге 3 186 3 282 -2,9%
Қарыз млрд теңге 928 862 7,7%
Жалпы қарыз млрд теңге 4 114 4 143 -0,7%
  • Дөңгелектеу салдарынан  сандар қосылмауы мүмкін.
  • 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы қарыз 4 114 млрд теңгеге (8 671 млн АҚШ долл.) жетіп, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен 0,7%-ға және доллармен 3,2%-ға азайған. 
  • 2023 жылы сәуірде ҚМГ 2025 жылға дейін өтеу мерзімімен 500 млн АҚШ долл. сомасында Еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді.
  • Жалпы қарыздың азаюы KMG International айналым капиталын қаржыландыру мақсатында      290 млн АҚШ долл. (131 млрд теңгеге тең) синдикатталған қарызын және Banque de Commerce et de Placements банкінен 63 млн АҚШ долл. (29 млрд теңгеге тең) мөлшерінде қарыз алуымен ішінара өтелді.
  •  
  • Таза қарыз
  • 2023 жылғы 30 қыркүйектегі таза қарыз 2 084 млрд теңгені (4 392 млн АҚШ долл.) құрап, 2022 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда теңгелмен 2,8%-ға және доллармен 5,2%-ға төмендеді. 
  • Ақша қаражаты 
  • Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

Ақша қаражаты және олардың баламалары млрд теңге 1 266 763 66,0%
Қысқа мерзімді депозиттер млрд теңге 702 1 178 -40,4%
Ұзақ мерзімді депозиттер млрд теңге 62 59 3,8%
Ақша қаражаты, олардың баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты млрд теңге 2 030 2 000 1,5%

  • Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5%-ға ұлғайып, 2 030 млрд теңгеге жетті. Доллар түрінде осы  көрсеткіш 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 1%-ға төмендеп, 4 279 млн АҚШ долларын құрады.
  • 2023 жылдың басынан бергі басты  корпоративтік оқиғалар:
  • 2023 жылы 9 наурызда Standard&Poor's рейтингтік агенттігі Компанияның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растап, болжамды «тұрақты» етіп қайта қарады. Бұл агенттіктің Қазақстанбойынша рейтинг қызметін көрсетеді (рейтинг «ВВВ –» деңгейінде расталды, болжам «тұрақты» болып қайта қаралды).
  • 2023 жылы 26 сәуірде ҚМГ 2025 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 500 млн АҚШ долл. сомасында Еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді.
  • 2023 жылы 27 сәуірде ҚМГ «Астрахань-Маңғыстау»  магистральды су құбырын реконструкциялау және кеңейту, 1-кезек»  жобасын қаржыландыру мақсатында 10 жыл мерзімге және 0,5%  пайыздық мөлшерлемемен 50 млрд теңге сомаға облигация шығарды.
  • 2023 жылдың 3 мамырында Standard&Poor's рейтинг агенттігі мемлекеттік қолдау ықтималдығын «жоғары» деңгейден «өте жоғары» деңгейге көтерді, Компанияның рейтингі өзгеріссіз қалды. 
  • 2023 жылғы 21 маусымда ҚМГ «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Еуразиялық Даму Банкінің пайдасына кепілдік шығарды (кредит желісінің сомасы – 150 млн АҚШ долл., қарыз мерзімі – 3 жыл). 
  • 2023 жылғы 21 маусымда Констанцадағы (Румыния) Петромидия МӨЗ-де техникалық қызмет көрсету бойынша арнайы жұмыстар жүргізілгеннен кейін жеңіл гидрокрекинг қондырғысында өрт болды. Зауыттың өрт сөндірушілері өртті ауыздықтапп, жағдайды Төтенше жағдайлар инспекциясының арнайы машиналары келгенге дейін толық бақылауға алды. Қазіргі уақытта түзету шараларының жоспарына сәйкес іс-шаралар жүргізілуде. Қондырғыны іске қосудың жоспарланған мерзімі – 2023 жылдың соңы.
  • 2023 жылғы 22 маусымда Fitch рейтинг агенттігі дербес кредит қабілеттілігі рейтингінің жоғарылауы аясында ҚМГ-ның кредит рейтингісін «BBB-»-дан «ВВВ»-ға дейін көтерді, болжамы «тұрақты». ҚМГ рейтингі ҚР егеменді рейтингімен бірдей.
  • 2023 жылғы 26 маусымда ҚМГ акционерлеріне 2022 жылға арналған дивиденд төлеуді аяқтады. Дивидендтердің жалпы сомасы – 300,0 млрд теңге. Бір жай акцияға шаққанда дивиденд мөлшері 491,71 теңгені құрады. 
  • 2023 жылдың қазан айында ҚМГ және TOTALENERGIES EP DANMARK A/S компаниясы Total E&P Dunga GmbH жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын сатып алу бойынша сатып алу-сату шартын жасасты.
  • 2023 жылдың қазан айында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС (KPI) газ-химия кешенінде полипропиленнің жаңа маркасы шыға бастады. PP H031 BF/7 маркалы полипропилен Еуропа елдерінде және Қазақстанда тамақ өнімдері мен күнделікті өмірге арналған тауарларға үшін полимерлі пленкадан жасалған қаптама өндірісінде қолданылады.
  • 2023 жылғы қарашада ҚМГ 2022 жылғы рейтинг тәуекелінің жаңартылған ESG бағасын алды – 32,3 балл (бұған дейінгі көрсеткіш – 28,5 балл).
  • 2023 жылдың басынан бері ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрылымында жаңа тағайындаулар болды. 2023 жылғы қарашадағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамы 9 адамнан тұрады (Бердіғұлов Е.К. – Директорлар кеңесінің төрағасы, Отыншиев Е.М, Қарабалин У.С., Мырзағалиев М.М., Жұбаев А.С., Арғынғазин А.А., Холланд Ф.М., Мыңшәріпова С.Н., Шәкіров А.О.), ҚМГ Басқармасының құрамы 9 адамнан тұрады (Мырзағалиев М.М. – Басқарма төрағасы, Абдулғафаров Д.Е., Зәкіров Б.К., Лавренов В.С., Макеев Д.С., Арысова Д.А., Брекешев С.А., Құдайбергенов Қ.М., Хасанов Д.К.).
  • 2023 жылғы 26 қазанда Самұрық-Қазына мен ҚР ҰБ Компанияның 122 024 мың дана жай акциясын сатып алу-сату шартын жасасты. Мәмілені жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://www.kmg.kz/ru/investors/reporting/

Байланыс: ir@kmg.kz, тел: +7 (7172) 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

ҚМГ негізгі активтері:

  • Барлау және Өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, Өріктау (УО) – 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПКИ) – 33%, Теңізшевройл (Теңіз) – 20%, Қашаған – 16,88%, Қарашығанақ – 10%.
  • Тасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) – 50%, МұнайТас – 51%, Батуми мұнай терминалы – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) – 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%.
  • Өңдеу және өзгелер: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, Caspi Bitum – 50%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%, ҚазРосГаз – 50%, «Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.» ЖШС – 49,5%, «Силлено» ЖШС – 49,9%.

[1] Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2023 және 2022 жылдардағы 9 айдағы орташа бағамдар тиісінше 452,97 және 458,60 теңге/АҚШ долларын құрады; 2023 жылғы 30 қыркүйектегі және 2022 жылғы 31 желтоқсандағы кезең соңындағы бағамдар тиісінше 474,47 және 462,65 теңге/АҚШ долларын құрады).

[2] Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларкірісіндегі үлесіндегі түзетілген таза пайда = Таза пайда +  бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд , минус бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес.

[3] Дереккөз: S&P Global Platts.

[4] KEBCO маркалы мұнайының котировкасы 06.06.2022 ж. басталады. 2022 жылдың 9 айындағы орташа баға 06.06.ж. бастап 30.09.2022ж.  кезең үшін көрсетілген.

[5] EBITDA = кірістер плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлес, нетто, минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[6] EBITDA түзетілген көрсеткіші = кіріс плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[7] Бос ақша ағымы = операциялық қызметтен алынған ақша ағымы, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау және бағалау активтерін сатып алу шегерілген. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд операциялық қызметтен алынған ақша ағысына кіреді.

[8] Есепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[9] Жалпы қарыз және таза қарыз 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетілген.

[10] Есепті кезеңнің соңындағы таза қарыз: Облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаттары және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[11] Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ меншік үлесіне және шоғырландырылатын еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% сәйкес көрсетілген. Толығырақ ақпарат 2023 жылдың 9 айындағы өндірістік нәтижелер бойынша пресс-релизде мына сілтеме бойынша қолжетімді: kmg.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>