Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржы нәтижелері

18.08.2026

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты айдағы 34 «Аралық қаржылық есептілік» халықаралық қаржы есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялайды.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер1:

  • Түсім 4 500 млрд теңгемен (8 789 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 5 568 млрд теңгеге(11 452 млн АҚШ долл.) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 1 142 млрд теңгемен (2 230 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 1 655 млрд теңгені (3 405 млн АҚШ долл.) құрады;
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесін қоса алғанда, Компанияның таза пайдасы 534 млрд теңгемен (1 044 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 904 млрд теңгені (1 859 млн АҚШ долл.) құрады;
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда2 660 млрд теңгемен (1 289 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 867 млрд теңгені (1 783 млн АҚШ долл.) құрады;
  • Бос ақша ағымы 682 млрд теңгемен (1 331 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 765 млрд теңгені (1 573 млн АҚШ долл.) құрады;
  • 2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жалпы қарыз 2025 жылғы 31 желтоқсандағы 3 522 млрд теңге (6 967 млн АҚШ долл.) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 3 411 млрд теңгені (7 096 млн АҚШ долл.) құрады;
  • 2026 жылғы 30 маусымда Компанияның таза қарызы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы 375 млрд теңге (742 млн АҚШ долл.) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 983 млрд теңгені (2 046 млн АҚШ долл.) құрады.
Көрсеткіштің атауы Өлш. бірл. 6A 2026 6A 2025 %
Мұнай, Dated Brent 3 $/барр. 92,31 71,87 28,4%
Мұнай, KEBCO3 $/барр. 92,44 72,83 26,9%
Орташа бағам теңге/ АҚШ долл. 486,20 512,05 -5,0%
Түсім млрд теңге 5 568 4 500 23,7%
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес млрд теңге 537 349 53,9%
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд млрд теңге 500 474 5,4%
Таза пайда млрд теңге 904 534 69,1%
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда млрд теңге 867 660 31,4%
EBITDA4 млрд теңге 1 655 1 142 45,0%
EBITDA түзетілген көрсеткіші5 млрд теңге 1 619 1 267 27,7%
Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша) млрд теңге 256 259 -1,4%
Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша) млрд теңге 422 262 61,0%
Бос ақша ағымы6 млрд теңге 765 682 12,2%
Жалпы қарыз7 млрд теңге 3 411 3 5228 -3,2%
Таза қарыз9 млрд теңге 983 3758 162,2%

2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер10:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 13 043 мың тоннамен салыстырғанда төмендеп 12 437 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 4,0% ұлғайып, 43 280 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстан және Румынияның мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 10 375 мың тоннамен салыстырғанда, 10 215 мың тоннаны құрады.
6А 2026 (ҚМГ үлесі) 6А 2025 (ҚМГ үлесі) %
Өндіру:
Мұнай және конденсат, мың тонна 12 437 13 043 -4,6%
Газ, млн м3 5 457 5 726 -4,7%
Мұнай тасымалдау, мың тонна 43 280 41 616 +4,0%
Мұнай өңдеу, мың тонна 10 215 10 375 -1,5%
Қазақстандық МӨЗ-да жеңіл мұнай өнімдерін шығару, % 78,8% 76,6% +2,2%

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелерге шолу

Түсім

Компанияның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы түсімі 5 568 млрд теңгені (11 452 млн АҚШ долл.) құрап, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 23,7% жоғары болды. Түсімнің өсімі қызметтің барлық сегменттерінде байқалды. Оң динамика әлемдік мұнай бағасының өсуі мен KMG International мұнай өнімдерін өткізу бағасының өсуі есебінен қамтамасыз етілді, алайда бұл әсер теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа айырбас бағамының нығаюымен ішінара шектелді.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес 53,9% ұлғайып, 537 млрд теңгені (1 104 млн АҚШ долл.) құрады. Көрсеткіштің өсуі әлемдік мұнай бағасының өсуіне байланысты болды, бұл «Теңізшевройл» ЖШС мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ пайдасындағы үлеске оң әсер етті. Бұл ретте аталған фактор КҚК тарапынан мұнай қабылдаудың шектелуіне, сондай-ақ 2026 жылғы қаңтарда Болашақ кеңейту жобасының нысандарында трансформаторлардың тұтануына байланысты «Теңізшевройл» ЖШС-де өндіру көлемінің төмендеуінен туындаған кері әсерді ішінара өтеді; жобалық өндіру 2026 жылғы наурыз айының соңында қалпына келді.

EBITDA

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы EBITDA көрсеткіші 45,0% ұлғайып, 1 655 млрд теңгені (3 405 млн АҚШ долл.) құрады. Оң динамика қызметтің барлық сегменттерінде түсімнің өсуіне, сондай-ақ «Мұнай мен газды барлау және өндіру» сегментіндегі бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің ұлғаюына байланысты болды.

EBITDA түзетілген көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд мөлшерін көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 1 619 млрд теңгені (3 329 млн АҚШ долл.) құрап, 27,7% өсті.

Таза пайда

Компанияның таза пайдасы 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 69,1% ұлғайып, 904 млрд теңгені (1 859 млн АҚШ долл.) құрады. Көрсеткіштің өсуі сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша түсімнің, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің ұлғаюына, сондай-ақ «Негізгі құралдардың құнсыздануы және барлау шығындары11» бабы бойынша шығындардың және қаржылық шығындардың төмендеуіне байланысты болды.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 660 млрд теңгеден (1 289 млн АҚШ долл.) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 867 млрд теңгеге (1 783 млн АҚШ долл.) дейін, яғни 31,4% ұлғайды.

Сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдері мен басқа да материалдардың өзіндік құны

Сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдері мен басқа да материалдардың өзіндік құны 24,4% ұлғайып, 3 019 млрд теңгеге (6 209 млн АҚШ долл.) жетті. Көрсеткіштің өсуі негізінен әлемдік мұнай бағасының қымбаттауы аясында KMG International деңгейінде қайта сату үшін сатып алынатын шикі мұнайдың өзіндік құнының ұлғаюына байланысты болды.

Операциялық шығындар

Өндірістік шығындар 7,2% өсіп, 813 млрд теңгені (1 673 млн АҚШ долл.) құрады. Өсім негізінен ашық теңіздерде кемелерді қосымша жалдауға байланысты «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС-де қысқа мерзімді жалдау бойынша шығынның ұлғаюымен, сондай-ақ KMG International көлік шығындарының өсуімен байланысты болды.

Есепті кезеңде тасымалдау және өткізу шығындары 167 млрд теңгені (344 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2025 жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 14,9% жоғары. Өсім негізінен мұнай өнімдеріне арналған логистикалық тарифтердің өсуі салдарынан KMG International компаниясының тиеу, тасымалдау және сақтау бойынша шығыстарының ұлғаюымен байланысты болды.

Жалпы және әкімшілік шығындар 96 млрд теңгені (197 млн АҚШ долл.) құрап, 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шамалы ғана 1,8% ұлғайды.

Табыс салығынан басқа салықтар 25,5% өсіп, 354 млрд теңгені (728 млн АҚШ долл.) құрады. Көрсеткіштің өсуі «Ембімұнайгаз» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» АҚ-да шикі мұнай экспортына салынатын ренталық салық бойынша шығынның ұлғаюына, сондай-ақ «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК деңгейіндегі шығындардың өткен кезеңмен салыстырғанда мұнай бағасының жоғары болуына байланысты өсуіне негізделді. Сонымен қатар ҚМГ Корпоративтік орталығы деңгейінде акциз бойынша шығыстардың артуы ішкі нарықта жеңіл мұнай өнімдерін өткізу көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ 2025 жылғы 11 мамырдан бастап ҚР-да мұнай өнімдеріне акциздерді есептеу тәртібінің өзгеруіне байланысты болды.

Күрделі шығындар

Есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар 1,4% төмендеп, 256 млрд теңгені (526 млн АҚШ долл.)

құрады. Көрсеткіштің төмендеуі негізінен «Мұнай мен газды барлау және өндіру» сегментінде күрделі шығындардың азаюымен байланысты болды, бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның еншілес компаниясы «Ak Su KMG» ЖШС-нің Жаңаөзен қаласында теңіз суын тұщыту зауытын және жеткізуші инфрақұрылымын салу жобасы бойынша жұмсалған шығындармен түсіндіріледі. Бұл ретте «Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және өткізу» сегментінде есепті кезеңде «Петромидия» және «Вега» зауыттарында жоспарлы ағымдағы жөндеу жүргізілуіне байланысты KMG International есебінен күрделі шығын көлемі ұлайды.

Кассалық әдіс бойынша күрделі шығындар 61,0% өсіп, 422 млрд теңгені (869 млн АҚШ долл.) құрады. Өсім EPC-шарттар бойынша төленген аванстық төлемдерге байланысты болды:

  • «KMG PetroChem» ЖШС — Теңіз кен орнында Газ сепарациялау кешенін (ГСК) және магистральды этан мен пропан құбыржолдары құрылысы жобаларын іске асыру аясында;
  • «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС — Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру аясында.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер 5,4% ұлғайып, 500 млрд теңгені (1 029 млн АҚШ долл.) құрады, ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 474 млрд теңгені (926 млн АҚШ долл.) құраған болатын. Өсімнің негізгі драйверлері «Теңізшевройл» ЖШС-дан алынған дивидендтердің 328 млрд теңгеден (641 млн АҚШ долл.) 441 млрд теңгеге (907 млн АҚШ долл.) дейін ұлғаюы, сондай-ақ «KC Energy Group» ЖШС бен Petrokazakhstan Inc.-тен алынған дивидендтердің өсуі болды.

Бос ақша ағымы

Бос ақша ағымы 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,2% ұлғайып, 765 млрд теңгені (1 573 млн АҚШ долл.) құрады. Көрсеткіштің өсуі операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымының өсуіне, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтердің ұлғаюына байланысты болды.

Қарызды басқару

Борыштық жүктеменің көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы Өлш. бірл. 2026 жылғы 30 маусым 2025 жылғы 31 желтоқсан %
Облигация млрд теңге 2 929 3 040 -3,6%
Қарыз млрд теңге 482 482 -0,1%
Жалпы қарыз млрд теңге 3 411 3 522 -3,2%

 Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін.

ҚМГ-ның жалпы қарызы негізінен АҚШ долларымен номинацияланған (2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 69%) және 3 411 млрд теңгені (7 096 млн АҚШ долл.) құрады. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы деңгеймен салыстырғанда, көрсеткіш теңгемен есептегенде теңгенің АҚШ доллары бағамына нығаюы нәтижесінде 3,2% төмендеді, ал доллармен есептегенде бұрын тартылған қарыздарды игеру есебінен 1,8% өсті.

Таза қарыз

Таза қарыз 2026 жылғы 30 маусымда 983 млрд теңгені (2 046 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2025 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда теңгелік мәнде 162,2%, ал долларлық мәнде 175,7% өсті. Көрсеткіштің өсуі таза қарызды есептеу кезінде ескерілетін, негізінен қысқа мерзімді депозит түріндегі ақша қаражатының азаюына байланысты болды, бұл негізінен Компанияның «Самұрық-Қазына» АҚ купондық облигацияларын сатып алуымен түсіндіріледі.

Ақша қаражаты

Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, сондай-ақ депозит түріндегі ақша қаражаты

Ақша қаражаты және олардың баламалары млрд теңге 1 522 1 198 27,0%
Ұзақ мерзімді депозиттер млрд теңге 71 73 -3,2%
Қысқа мерзімді депозиттер млрд теңге 835 1 875 -55,5%
Ақша қаражаты мен олардың баламалары, сондай-ақ депозит түріндегі ақша қаражаты млрд теңге 2 428 3 147 -22,9%

Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2025 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 22,9% төмендеп, 2 428 млрд теңгені құрады. Доллардағы көрсеткіш 2025 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда, 18,9% төмендеп, 5 050 млн АҚШ долл. құрады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі корпоративтік оқиғалар:

  • 2026 жылғы 13 қаңтарда «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау облысындағы «Жетібай» және «Қаражанбас» мұнай айдау станцияларында экологиялық тәуекелдерді төмендетуге, өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруға және мұнай тасымалдау жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған өндірістік инфрақұрылым нысандарын пайдалануға берді.
  • 2026 жылғы 2 ақпанда ҚМГ Атырау облысындағы Қаратон Подсолевой учаскесінде терең іздеу ұңғымасының бірінші нысанын сынау жұмыстарының алғашқы нәтижелері шықты. Сынақ кезінде газ ағыны алынды, бұл аталған учаскеде көмірсутек бар екенін растайды.
  • 2026 жылғы 2 сәуірде ҚР Энергетика министрлігі, ҚМГ және Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігінің (CHA) еншілес компаниясы – GEOENERGIJA RAZVOJ d.o.o. (ГЕОЭНЕРГИЯ) арасында Ақтөбе облысындағы Шығыс учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіру бойынша келісімшарт жасалды. «Шығыс» жобасы тепе-тең талаптармен іске асырылатын болады, бұл ретте хорват тарапы геологиялық барлау кезеңін толық қаржыландырады.
  • 2026 жылғы 24 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ және «TotalEnergies» компаниясы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясы (ЖЭС) құрылысының жобасын қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойды. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 1,2 млрд АҚШ долларын құрайды, пайдалануға беру 2028 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.
  • 2026 жылғы 29 сәуірде «Өріктау Оперейтинг» ЖШС (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Ақтөбе облысындағы Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің қуаттарында Өріктау кен орнынан алынатын жылына 1 млрд текше метрге дейінгі шикі газды өңдеу туралы келісімшартқа қол қойды. Өңдеу нәтижесінде 910 млн текше метрге дейін тауарлық газ, шамамен 75 мың тонна сұйытылған көмірсутек газы, 270 мың тоннаға жуық тұрақты газ конденсаты және 32 мың тоннаға дейін түйіршіктелген күкірт өндіру жоспарланып отыр. Шикі газды өңдеуге алғашқы жеткізу 2026 жылдың соңына қарай жоспарланып отыр.
  • 2026 жылғы 20 мамырда Атырау қаласында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының базасында сутегі энергетикасы жөніндегі IV халықаралық семинар аясында Қазақстандағы жасыл сутегі өндіретін толық циклді алғашқы пилоттық жоба іске қосылды: күн электр станциясы филиалды жылыту мен электр қуатымен қамтамасыз ету үшін сутегі өндіретін электролиз қондырғысын қуаттандырады. Сондай-ақ елдің кез келген нүктесінде жасыл және көгілдір сутегінің өзіндік құнын есептеуге арналған ҚР Цифрлық сутегі атласы таныстырылды.
  • 2026 жылғы 29 мамырда акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) қорытындысы бойынша акционерлер Компанияның дивиденд саясатын басшылыққа ала отырып, 2025 жылғы аудиттелген қаржылық көрсеткіштер негізінде бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін 573,66 теңге деп бекітті, ол 2025 жылғы пайдадан төленді. Дивидендтер сомасы 350 млрд теңгені құрады.
  • 2026 жылғы 22 шілдеде ҚазМұнайГаз Eni S.p.A. энергетикалық компаниясымен бірлесіп Жаңаөзен қаласындағы қуаты 120 МВт газ электр станциясынан алғашқы өнеркәсіптік электр энергиясын алды — бұл ҚМГ-ның төменкөміртекті даму бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жалпы қуаты 247 МВт болатын Гибридті электр станциясын (күн — 50 МВт, 2025 жылғы қыркүйекте пайдалануға берілген; газ — 120 МВт; жел — 77 МВт) салу жөніндегі бірлескен жобаның кезекті кезеңі.
  • 2026 жылғы 23 шілдеде «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, «KazFoodProducts» ЖШС және америкалық Kellogg Brown & Root LLC (KBR) компаниясы Қазақстанда тұрақты авиациялық отын (Sustainable Aviation Fuel, SAF) өндіретін алғашқы зауыт салу жобасы аясында екі келісімге қол қойды: болашақ өндірістің жобалық құжаттамасының базалық пакетін («Process Design Package») әзірлеуге арналған келісім және «Alcohol-to-Jet» процесін қамтитын PURESAF℠ технологиясын пайдалануға арналған лицензиялық шарт.
  • 2026 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ «Теңіз жағалауы аймағы» учаскесінде 23 жаңа ұңғыманы пайдалануға берді. Жыл соңына дейін учаскеде 45 ұңғыма бұрғылау жоспарланып отыр, бұл қосымша 50 мың тоннаға дейін мұнай өндіруге мүмкіндік береді.
  • 2026 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ «Қосшағыл» және «Қарсақ» кен орындарының бор көкжиектеріне 3 еңіс-бағытталған ұңғыма (зенит бұрышы 45°-қа дейін) бұрғыланды, бұл дәстүрлі бұрғылау кезінде қол жетімсіз болатын бор шөгінділерінің қиын өндірілетін қорларын тиімді игеруге мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін мұндай ұңғымалардың саны («Гран» және «Терең-Өзек» кен орындарын қоса алғанда) 8-ге жеткізіледі, күтілетін қосымша мұнай өндіру көлемі 5,5 мың тонна болады.

Көрсеткіштер мен есептеу нәтижелері жуықтап көрсетілген. Сонымен қатар кезеңдерді салыстыру кезінде жуықталмай, нақты мәндер қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысы бар кез келген ықтимал түзетулер қаржылық нәтижелерге материалдық әсер етпеуі керек.

Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеге өтіп, оқи аласыздар: https://www.kmg.kz/investors/reporting/

Байланыс телефондары:

ir@kmg.kz, тел: +7 (7172) 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ туралы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы негізі қаланған компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

ҚМГ-ның негізгі активтері:

  • Барлау және өндіру: «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) – 100%, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) – 100%, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) – 100%, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС (ӨО) – 100%, Доңға 12– 60%, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) – 50%, «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) – 50%, PetroKazakhstan Inc. – 33%, «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) – 50%, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (ҚОА) – 50%, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) – 50%, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – 20%, Қарашығанақ 13– 10%, Қашаған14 – 16,88%.
  • Тасымалдау: «ҚазТрансОйл» АҚ – 90%, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ – 100%, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – 50%, «МұнайТас» СЗТҚ» ЖШС – 51%, Каспий Құбыр Консорциумы15 (КҚК) – 20,75%, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) – 100%.
  • Өңдеу және маркетинг: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%, KMG International N.V. – 100%, Петромидия – 54,62%, Вега – 54,62%, «KMG PetroChem» ЖШС – 100%, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП)16 – 49,72%, «Caspi Bitum» БК» ЖШС (Caspi Bitum) – 50%, «KC Energy Group» ЖШС – 49%, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) – 49,5%, «Силлено» ЖШС17 – 40%.
  • Басқалары: «KMG Drilling & Services» ЖШС – 100%, «Oil Services Company» ЖШС – 100%, «Oil Construction Company» ЖШС – 100%, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС – 100%, «KMG Systems & Services» ЖШС – 100%, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазГӨЗ) – 100%, «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚРГ) – 50%.

Ескертпелер

  1. Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы және 2025 жылдың 1- жартыжылдығындағы орташа бағам сәйкесінше 486,20 және 512,05 теңге/АҚШ долл. құрады; кезең соңындағы бағам – 2026 жылғы 30 маусымда және 2025 жылғы 31 желтоқсанда сәйкесінше 480,72 және 505,53 теңге/АҚШ долл. құрады).↩︎

  2. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда = Таза пайда плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес.↩︎

  3. Дереккөз: S&P Global Platts.↩︎

  4. EBITDA = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес, нетто, минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.↩︎

  5. EBITDA түзетілген көрсеткіші = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.↩︎

  6. Бос ақша ағымы = операциялық қызметтен алынған таза ақша ағымы минус негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау және бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер операциялық қызметтен алынған ақша ағымына енгізілген.↩︎

  7. Есепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.↩︎

  8. Жалпы қарыз және Таза қарыз 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетілген.↩︎

  9. Таза қарыз = кезең соңындағы облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаты және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.↩︎

  10. Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелену үлесіне сәйкес және толығымен шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін 100% көрсеткіш көрсетілген. Толық ақпарат 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер туралы баспасөз хабарламасында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://www.kmg.kz/investors/reporting/↩︎

  11. Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде Жаңаөзен қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның еншілес ұйымы «Ak Su KMG» ЖШС Жаңаөзен қаласында теңіз суын тұщыту зауытын және жеткізуші инфрақұрылымды салуға кірісті. ҚМГ аталған нысанның өтелетін құны нөлге тең деп есептейді және тиісінше, 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай ішінде құрылысқа жұмсалған 21 млрд теңге (40 млн АҚШ долл.) сомасындағы шығынның құнсыздануын мойындады. 2025 жылы зауыт құрылысы аяқталды.↩︎

  12. Dunga Operating GmbH — Доңға жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдегі 60% үлеске иелік ететін 100% шоғырландырылған еншілес ұйым.↩︎

  13. «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС — Қарашығанақ жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі 10% үлеске иелік ететін 100% шоғырландырылған еншілес ұйым.↩︎

  14. «ҚМГ Қашаған Б.В.» — Солтүстік Каспий жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдегі 16,88% үлеске иелік ететін 100% шоғырландырылған еншілес ұйым.↩︎

  15. 19% үлес КМГ-ға тікелей тиесілі, 1,75% — «Қазақстан Пайплайн Венчурс» КҰ бірлескен кәсіпорны арқылы.↩︎

  16. 49,72% — Valsera Holdings B.V. компаниясындағы 50% иелік ету арқылы жүзеге асырылатын жанама қатысу үлесі, ол өз кезегінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) компаниясының 99,43%-ына иелік етеді. ПҚОП-қа қатысты Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік нәтижелерін бағалау кезінде өндірістегі 50% қатысу үлесі ескеріледі.↩︎

  17. 29,9% үлес КМГ-ға тікелей тиесілі, 10,1% — «KMG PetroChem» ЖШС еншілес ұйымы арқылы.↩︎

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>