Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржы көрсеткіштері

22.08.2023

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты айдың 34 «Аралық қаржы есептілігі» қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялайды.

[1]2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты қаржы көрсеткіштері:

● Түсім 4 642 млрд теңгемен (10 315 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 3 943 млрд теңгені (8 726 млн АҚШ долларын) құрады;

● EBITDA көрсеткіші 1 393 млрд теңгемен (3 095 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 116 млрд теңгені (2 470 млн АҚШ долларын) құрады.

● Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесті ескергенде, Компанияның таза пайдасы 492 млрд теңгені (1 088 млн АҚШ долларын) құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 775 млрд теңге (1 722 млн АҚШ доллары) көлемінде тіркелген.

● Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісінің үлесіне шаққандағы таза пайда[2] 266 млрд теңге (589 млн АҚШ доллары) болды. 2022 жылы таза пайда көлемі 352 млрд теңгені (782 млн АҚШ долларын) құраған.

● Бос ақша ағымы былтырғы 571 млрд теңгемен (1 268 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 217 млрд теңгені (481 млн АҚШ долларын) құрады;

● 2023 жылдың 30 маусымындағы жалпы қарыз көлемі - 3 977 млрд теңге (8 788 млн АҚШ доллары). 2022 жылы 31 желтоқсанда бұл көрсеткіш 4 143 млрд теңгені (8 956 млн АҚШ долларын) құраған;

● 2023 жылғы 30 маусымдағы Компанияның таза қарызы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 2 143 млрд теңге (4 632 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 255 млрд теңгені (4 983 млн АҚШ доллары) құрады.

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2023 1-ж

2022 1-ж

%

Мұнай, Dated Brent[3]

$/барр.

79,66

107,94

-26,2%

Мұнай, Dated Urals3

$/барр.

53,86

84,86

-36,5%

Мұнай, KEBCO3

$/барр.

77,74

89,32

-

Орташа бағам

теңге/АҚШ доллары

451,80

450,06

+0,4%

Түсім

млрд теңге

3 943

4 642

-15,1%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі

млрд теңге

400

546

-26,8%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд

млрд теңге

174

123

+41,8%

Таза пайда

млрд теңге

492

775

-36,6%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда

млрд теңге

266

352

-24,3%

EBITDA[4]

млрд теңге

1 116

1 393

-19,9%

EBITDA түзетілген көрсеткіші[5]

млрд теңге

891

970

-8,2%

Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша)

млрд теңге

301

191

+57,9%

Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша)

млрд теңге

354

191

+85,7%

Бос ақша ағымы[6]

млрд теңге

217

571

- 61,9%

Жалпы қарыз[7]

млрд теңге

3 977

4 143[8]

-4,0%

Таза қарыз[9]

млрд теңге

2 255

2 1438

+5,2%

2023 [10]жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда:

· Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 10,1%-ға өсті және 11 860 мың тоннаны құрады;

· Мұнай тасымалдау көлемі 5,8%-ға ұлғайып, 39 309 мың тоннаға жетті;

· Қазақстандық және Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4,0%-ға артып, 10 109 мың тоннаға жетті.

2023 1-ж

(ҚМГ үлесіне)

2022 1-ж

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

11 860

10 774

+10,1%

Газ өндіру, млн м³

4 789

4 110

+16,5%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

39 309

37 157

+5,8%

Мұнай өңдеу, мың тонна

10 109

9 721

+4,0%

2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржы нәтижелеріне шолу

Түсім

Түсім 3 943 млрд теңгені (8 726 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтың көрсеткішінен 15,1%-ға төмен.

Түсім динамикасына 2022 жылдың осындай кезеңіне қатынасы бойынша 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 26,2%-ға төмендеуі кері әсерін тигізді.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС-нен түсетін пайданың 139 млрд теңгеге (310 млн АҚШ доллары), «Маңғыстау Инвестментс Б.В.» компаниясынан 20 млрд теңгеге (45 млн АҚШ доллары) және Каспий Құбыр Консорциумы пайдасының 18 млрд теңгеге (40 млн АҚШ доллары) төмендеуі нәтижесінде 26,8%-ға азайды және 400 млрд теңгені (885 млн АҚШ долларын) құрады.

EBITDA

2023 жылғы бірінші жартыжылдықта EBITDA көрсеткіші негізінен Brent маркалы мұнайға орташа бағаның арзандауына байланысты Мұнай және газды барлау мен өндіру сегментінде 25,0%-ға төмендеу салдарынан 1 393 млрд теңгемен (3 095 млн АҚШ долларын) салыстырғанда 1 116 млрд теңгені (2 470 млн АҚШ долларын) құрап, 19,9%-ға төмендеді.

EBITDA түзетілген көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алған дивидендтерді көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 8,2%-ға төмендегенін көрсетіп, 891 млрд теңгені (1 971 млн АҚШ долларын) құрады.

Таза пайда

Компанияның таза пайдасы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 36,6%-ға төмендеп, 492 млрд теңгені (1 088 млн АҚШ долларын) құрады.

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне шаққандағы таза пайда

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне шаққандағы таза пайда 24,3%-ға, яғни 352 млрд теңгеден (782 млн. АҚШ доллары) 266 млрд теңгеге (589 млн АҚШ доллары) дейін қысқарды.

Өзіндік құн

Есепті кезеңде сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны 2 162 млрд теңгеге (4 786 млн АҚШ доллары) жетіп, 23,3%-ға төмендеді. Өзіндік құнның едәуір төмендеуіне мұнайдың орташа бағасының арзандауына байланысты қайта сату үшін сатып алынатын мұнай бойынша шығындардың қысқаруы себеп болды.

Операциялық шығыстар

Өндіріс шығыстары негізінен ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлердегі қызметкерлердің жалақысын көтеруге және қысқа мерзімге жалға алуға жұмсалған шығынның артуына байланысты 19,8%-ға өсіп, 590 млрд теңге (1 307 млн АҚШ доллары) болды.

Тасымалдау және сату бойынша шығыстар 120 млрд теңгені (265 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 21,7%-ға жоғары. Көрсеткіштің өсуіне KMG International мұнай өнімдерін сату көлемінің және KMG Kashagan B.V. бойынша сату көлемінің артуы себеп болды.

Жалпы және әкімшілік шығыстар 5,9%-ға артып, 72 млрд теңгеге (160 млн. АҚШ долларын) жетті. Бұған жалақыны көтеруге жұмсалған шығынның артуы себеп болды.

Табыс салығынан басқа салықтар 11,4%-ға азайып, 282 млрд теңгені (625 млн АҚШ долларын) құрады. Бұған негізінен мұнай бағасының төмендеуі себебінен шикі мұнай экспортына ренталық салық және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша шығыстардың азаюы әсер етті.

Қаржы шығындары 157 млрд теңгені (346 млн АҚШ долларын) құрап, өзгеріссіз қалды.

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы

2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша құнсыздану индикаторларының болуына, атап айтқанда, мұнай және газ нарығында мұнай өңдеу маржасының жоғары құбылмалылығына байланысты KMG International негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануына тест жүргізіп, 95,0 млрд теңге мөлшерінде құнсыздану шығынын анықтады.

Сонымен қатар, 2023 жылы маусымда KMG International еншілес ұйымы Петромидия МӨЗ-де жеңіл гидрокрекинг қондырғысында өрт шықты. Жүргізілген бағалау нәтижесі бойынша негізгі құралдардың 3,7 млрд теңге мөлшерінде құнсыздану шығыны анықталды.

Осылайша, ҚМГ тобы бойынша негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің құнсыздануынан болған шығынның жалпы сомасы биылғы алты ай бойынша 98,9 млрд теңгені құрады.

Күрделі шығындар

Компанияның күрделі шығындары (есептеу әдісі бойынша, сегменттік есептілікте жария етілген) 57,9%-ға артып, 301 млрд теңгеге (667 млн АҚШ доллары) жетті. Бұған негізінен «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ. «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС-да ұңғымаларды бұрғылауға, шығын «Өзен-Атырау-Самара» құбырлар учаскесін ауыстыруға және «Астрахань-Маңғыстау» магистральды су құбырын реконструкциялау мен кеңейтуге жұмсалған шығын себеп болды.

Бос ақша ағымы

Бос ақша ағымы 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтағы 571 млрд теңгемен (1 268 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 217 млрд теңгені (481 млн АҚШ долларын) құрады. Көрсеткіштің төмендеуі есепті кезеңде мұнай бағасының төмендеуімен, сондай-ақ күрделі шығындардың артуымен байланысты болды.

Қарызды басқару

Қарыз жүктемесінің көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2023 жылғы 30 маусым

2022 жылғы 31 желтоқсан

%

Облигация

млрд теңге

3 020

3 282

-8,0%

Қарыз

млрд теңге

957

862

+11,0%

Жалпы қарыз

млрд теңге

3 977

4 143

-4,0%

Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін.

2023 жылғы 30 маусымдағы жалпы қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен 4,0%-ға және доллармен 1,9%-ға төмендеп, 3 977 млрд теңгені (8 788 млн АҚШ долларын) құрады.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ қарыздарының өсуі көбіне айналым капиталының мақсаты үшін KMG International-дың 310 млн АҚШ доллары (140 млрд теңгеге тең) сомасында синдикатталған қарыз алуына байланысты болды.

2023 жылы сәуірде қарыз жүктемесін азайту мақсатында ҚМГ 2025 жылға дейін өтеу мерзімімен 500 млн АҚШ доллары сомасында Еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді.

Таза қарыз

2023 жылғы 30 маусымдағы таза қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішке қатынасы бойынша теңгемен 5,2%-ға және доллармен 7,6%-ға артып, 2 255 млрд теңгеге (4 983 млн АҚШ долларын) жетті.

Қаражат

Шоғырландырылған қаражат, оның баламасы және депозит түріндегі қаржы

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2023 жылғы 30 маусым

2022 жылғы 31 желтоқсан

%

Қаржы және оның баламасы

млрд теңге

1 070

763

+40,2%

Қысқа мерзімді депозиттер

млрд теңге

593

1 178

-49,7%

Ұзақ мерзімді депозиттер

млрд теңге

59

59

-0,7%

Қаржы, оның баламасы және депозит түріндегі қаражат

млрд теңге

1 722

2 000

-13,9%

2023 жылы 30 маусымдағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаражат, оның баламасы, сонымен бірге депозит түріндегі қаражат 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 13,9%-ға төмендеді және 1 722 млрд теңгені (3 805 млн АҚШ долларын) құрады. Доллар түрінде бұл көрсеткіш 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 4 323 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 12,0%-ға төмендеді.

2023 жылдың басынан бергі басты корпоративтік оқиғалар:

● 2023 жылы 9 наурызда Standard&Poor's рейтингтік агенттігі Компанияның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растап, болжамды «тұрақты» етіп қайта қарады. Бұл агенттіктің Қазақстан бойынша рейтингтік қызметін көрсетеді (рейтинг «ВВВ-» деңгейінде расталды, болжам «тұрақты» болып қайта қаралды).

● 2023 жылы 26 сәуірде ҚМГ 2025 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 500 млн АҚШ доллары сомасында Еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді.

● 2023 жылы 27 сәуірде ҚМГ «Астрахань-Маңғыстау» магистральды су құбырын реконструкциялау және кеңейту, 1-кезек» жобасын қаржыландыру мақсатында 10 жыл мерзімге және 0,5% пайыздық мөлшерлемемен 50 млрд теңге сомаға облигация шығарды.

● 2023 жылы 3 мамырда Standard&Poor's рейтингтік агенттігі мемлекеттік қолдау ықтималдығын «жоғары» деңгейден «өте жоғары» деңгейге көтерді, Компанияның рейтингі өзгеріссіз қалды.

● 2023 жылы 21 маусымда ҚМГ «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Еуразиялық даму банкінің пайдасына кепілдік шығарды (кредит желісінің сомасы – 150 млн. АҚШ доллары, қарыз мерзімі – 3 жыл).

● Биыл 21 маусымда Констанцадағы Петромидия МӨЗ-де (Румыния) техникалық қызмет көрсету бойынша арнайы жұмыстар жүргізілгеннен кейін жеңіл гидрокрекинг қондырғысында өрт шықты. Өртті зауыттың өрт сөндірушілері ауыздықтап, Төтенше жағдайлар инспекциясының арнайы машиналары келгенге дейін де жағдайды толық бақылауға алды. Қазіргі уақытта түзету жұмыстарын жүзеге асыру жоспарына сай іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қондырғыны іске қосудың жоспарланған мерзімі – 2023 жылдың күзі.

● 2023 жылы 22 маусымда Fitch рейтингтік агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингін «BBB-»-дан «ВВВ»-ға дейін көтерді, дербес кредит қабілеттілігі рейтингінің жоғарылуы негізінде болжам «тұрақты». ҚМГ рейтингі ҚР тәуелсіз рейтингімен бірдей.

● 2023 жылы 26 маусымда ҚМГ акционерлеріне 2022 жылға дивиденд төлеуді аяқтады. Дивидендтердің жалпы сомасы – 300,0 млрд теңге. Бір жай акцияға дивиденд мөлшері 491,71 теңгені құрады.

● 2023 жылдың басынан ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрылымында жаңа тағайындаулар болды. 2023 жылғы тамыздағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 8 адам кірді (Бердіғұлов Е.Қ. – Директорлар кеңесінің төрағасы, Отыншиев Е.М., Қарабалин Ұ.С., Мырзағалиев М.М., Жұбаев А.С., Арғынғазин А.А., Холланд Ф.М., Мыңшәріпова С.Н.), ҚМГ Басқармасының құрамы – 9 адам (Мырзағалиев М.М. – Басқарма төрағасы, Абдулғафаров Д.Е., Закиров Б.Қ., Лавренов В.С., Макеев Д.С., Арысова Д.А., Брекешов С.А., Құдайбергенов Қ.М., Хасанов Д.К.).

● Есепті кезеңнен кейін 2023 жылы 3 шілдеде Маңғыстау атом энергия комбинатының 1-энергия блогында болған апатқа байланысты Атырау МӨЗ-нің жұмысы тоқтап қалды. Электр қуаты берілмегендіктен АМӨЗ-дің барлық технологиялық қондырғысы қауіпсіз түрде тоқтатылды. Апатты жағдайдың алдын алу және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апатты жою алгоритміне сай барлық қондырғылардан көмірсутек газы факелға жіберілді. Сыртқы желілер тарапынан электр энергиясының тұрақты берілуіне қарай зауыттың технологиялық қондырғылары қалыпты режимге шыға бастады және 6 шілдеде АМӨЗ-дің жұмысы жанданды.

● Жалпы, соңғы жылдары ҚМГ кен орындарында Маңғыстау атом энергия комбинатындағы апаттарға байланысты электр қуатын өшіру жиілеп кетті. Бұл «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндіру көлеміне кері әсерін тигізеді.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://www.kmg.kz/ru/investors/reporting/

Байланыс:

ir@kmg.kz

тел: +7 (7172) 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

ҚМГ негізгі активтері:

Барлау және Өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, Өріктау (ӨО) – 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПҚИ) – 33%, Теңізшевройл (Теңіз) – 20%, Қашаған – 16,88%, Қарашығанақ – 10%.

Тасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) – 50%, МұнайТас – 51%, Батуми мұнай терминалы – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) – 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%.

Өңдеу және басқалары: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%, ҚазРосГаз – 50%, «Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.» ЖШС – 49,5%, «Силлено» ЖШС – 49,9%.

[1] Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2023 және 2022 жылдардың бірінші жартыжылдығындағы орташа бағамдар бір АҚШ долларына шаққанда 451,80 және тиісінше 450,06 теңгені құрайды; 2023 жылғы 30 маусымға және 2022 жылғы 31 желтоқсанға – кезең соңындағы бағамдар АҚШ долларына шаққанда 452,51 және тиісінше 462,65 теңгені құрайды).  

[2] Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесіне түзетілген таза пайда = Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан ұйымдардан алынған дивидендтерді қосқандағы, бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесін шегергендегі таза пайда.

[3] Дереккөз: S&P Global Platts. KEBCO мұнайына баға белгілеудің басталуы 06.06.2022 ж.

[4] EBITDA = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлес минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығындар минус тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[5] EBITDA түзетілген көрсеткіші = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[6] Бос ақша ағымы = негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау мен бағалау активтерін сатып алуды алып тастағанда операциялық қызметтен алынған ақша ағымы. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер операциялық қызметтен алынған ақша ағымына енгізілген.

[7] Есепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[8] Жалпы қарыз және таза қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетілген.

[9] Есепті кезеңнің соңындағы таза қарыз: облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаттары және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[10] Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-нің иелену үлесіне және шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100%-на сәйкес көрсетілген. Толық ақпаратты 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер туралы баспасөз хабарламасында мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://www.kmg.kz/upload/iblock/681/51xn0zc7jkseefou6vya5p0lkvloqh0m/1H%2023%20Operating%20press-release%20KAZ.pdf

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>