Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз еңбекті қорғау және экология стандарттарын дамытуды жалғастыруда

27.01.2025

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары бас директорларының IX жыл сайынғы «Қауіпсіздік мәдениетін дамытудағы көшбасшылық» форумы өтті.

Іс-шараға ҚазМұнайГаз басшысы Асхат Хасенов, ҚМГ еншілес кәсіпорындарының бас директоралары, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.

Қатысушылар өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.

А.Хасенов өз сөзінде ҚазМұнайГаз қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және өз қызметін жүргізетін өңірлерде экологиялық тепе-теңдікті ұстауға ерекше назар аударатынын атап өтті.

- Қауіпсіздік - тұрақты жұмыс пен жетілдіруді қажет ететін үздіксіз процесс. Бұл - біздің басты корпоративтік құндылықтарымыздың бірі. Барлық деңгейдегі басшыларға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Олар қызметкерлеріне осы принциптерді ұстануда үлгі болуы тиіс. ҚМГ өндіріс нысандарындағы жұмысшылардың қауіпсіздігі мен жағдайының жайлы болуына ерекше мән бере отырып, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды мақсатты түрде жалғыстырады, - деді ҚМГ басшысы.

Сондай-ақ, ТШО, НКОК және КПО өкілдері осы саладағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форум аясында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктері үшін ҚМГ еншілес компаниялары марапатталды.

Сонымен қатар «Қорғау» картасы шеңберінде әлеуетті қатерлі жағдайлардың алдын алғаны үшін үздік байқаушылар марапатталды:
- «Барлау және өндіру» бағыты бойынша: Руслан Әжгереев ─ «Орал Ойл энд Газ» ЖШС өндірістік-техникалық департаментінің слесарь- электригі;
- «Тасымалдау» бағыты бойынша: Батыржан Айбеков ─ «ҚазТрансОйл» АҚ «Қаражанбас» мұнай құбыры басқармасы мұнай өнімдерін айдау станциясының автокөлік бойынша жетекші механигі;
- «Қайта өңдеу» бағыты бойынша: Амангелді Демеген ─ «ҚазГӨЗ» ЖШС газ және газ конденсатын тасымалдау учаскесінің бастығы;
- «Мұнайсервисі» бағыты бойынша: Әнуарбек Сабихов ─ «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС жедел-диспетчерлік тобының аға инженері.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>