Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті

09.10.2026

Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін қабылдады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы – ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құю қызметін көрсетті.

Жаңа жүк бағыты Орталық Азиядағы ірі авиациялық орталықтардың бірі - Алматы қаласы мен халықаралық авиация әрі логистика хабы саналатын Дубай арасындағы байланысты нығайтады. Рейстер Boeing 737 ұшағымен аптасына бір рет орындалады.

Алматы халықаралық әуежайы жаңа бағытқа қажетті инфрақұрылым мен жерүсті қызметтерін қамтамасыз етеді. Ал ҚМГ-Аэро әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю қызметін көрсетеді.

ҚМГ-Аэро компаниясы flydubai әуе тасымалдаушысымен 2023 жылғы желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келеді. Бұған дейін серіктестік жолаушылар рейстерін ғана қамтыса, 2026 жылғы қазаннан бастап жүк тасымалы бағытында да жалғасын тапты.

Жаңа бағыт Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жүк тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтіп, Алматының өңірдегі жетекші авиациялық және логистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтады.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі жетекші авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту және елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.

Жалпы, «ҚМГ-Аэро» еліміздің әуежайларында авиаотынмен қамтамасыз етудің ашық, тұрақты әрі бәсекеге қабілетті жағдайлар жасау, сондай-ақ жетекші халықаралық әуе тасымалдаушыларымен ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>