Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылдың қаржы нәтижелері

15.03.2023

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған тәуелсіз аудитордың есебімен бірге 2022 жылдың шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялайды.

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылдағы негізгі қаржы көрсеткіштері[1] (толық шоғырландыру әдісімен ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 100% үлесті қамтиды):

  • Түсім 6 459 млрд теңгемен (15 161 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 34,5%-ға ұлғайып, 8 686 млрд теңгеге (18 845 млн АҚШ доллары) жетті;

  • EBITDA көрсеткіші 2 015 млрд теңгемен (4 730 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 25,9%-ға артып, 2 538 млрд теңгені (5 505 млн АҚШ доллары) құрады;

  • Компанияның таза пайдасы бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлестерді ескергенде 2,4%-ға ұлғайып, 1 317 млрд теңгені (2 858 млн АҚШ доллары) құрады;

  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісінің үлесіне түзетілген таза пайда[2] 1 022 млрд теңгемен (2 398 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 788 млрд теңгені (1 710 млн АҚШ доллары) құрады;

  • ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының үлесін сатып алуға жұмсалған шығынды қоспағанда бос ақша ағымы 2021 жылғы 756 млрд теңгемен (1 774 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 116 млрд теңгені (2 421 млн АҚШ доллары) құрады;

  • ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының үлесін сатып алуға жұмсалған шығынды қосқанда жаңа дивиденд саясатына сәйкес қайта есептелген бос ақша ағымы  2021 жылғы 756 млрд теңгемен салыстырғанда минус 82 млрд теңге болды;

  • 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жалпы қарыз 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 3 746 млрд теңгемен (8 676 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 4 143 млрд теңгені (8 956 млн АҚШ доллары) құрады;

  • Компанияның 2022 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарызы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 1 984 млрд теңгемен (4 594 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2 143 млрд теңгені (4 632 млн АҚШ доллары) құрады.

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірл.

2022

 2021

%

Мұнай, Dated Brent[3]

$/барр.

101,32

70,91

+42,9%

Мұнай, Dated Urals3

$/барр.

76,87

69,23

+11,0%

Мұнай, KEBCO3

$/барр.

77,2

-

-

Орташа бағам

теңге/ АҚШ

долл.

460,93

426,06

+8,2%

Түсім

млрд теңге

8 686

6 459

+34,5%

Бірлесіп бақыланатын

кәсіпорындар мен

қауымдасқан компаниялар

кірісіндегі үлесі

млрд теңге

991

680

+45,7%

Бірлесіп бақыланатын

кәсіпорындар мен

қауымдасқан

компаниялардан алынған

дивиденд

млрд теңге

462

415

+11,3%

Таза пайда

млрд теңге

1 317

1 287

+2,4%

Бірлескен бақыланатын

кәсіпорындар мен

қауымдасқан

компаниялардағы үлеске

түзетілген таза пайда

млрд теңге

788

1 022

-22,8%

EBITDA[4]

млрд теңге

2 538

2 015

+25,9%

EBITDA түзетілген

көрсеткіші[5]

млрд теңге

2 009

1 750

+14,8%

Күрделі шығындар (есептеу

әдісі бойынша)

млрд теңге

535

472

+13,4%

Күрделі шығындар (кассалық

әдіс бойынша)

млрд теңге

451

454

-0,5%

Бос ақша ағымы[6]

млрд теңге

1 116

756

47,7%

Бос ақша ағымы (дивиденд

саясаты бойынша) [7]

млрд теңге

-82

756

-110,9%

Жалпы қарыз[8]

млрд теңге

4 143

3 746

+10,6%

Таза қарыз[9]

млрд теңге

2 143

1 984

+8,0%

Қашаған бойынша іске асырылған колл-опционның қаржы көрсеткіштеріне әсері

2022 жылғы 15 қыркүйекте компания ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы өз үлесін 50%-дан 100%-ға дейін арттырды. ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясы Қашаған жобасында 16,88% иелік етеді.

Бұған дейін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесі ҚМГ шоғырландырылған қаржы есептілігінде үлестік әдіспен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарға салынған инвестиция ретінде көрсетілді, бұл ҚМГ таза активтеріндегі 50% үлесті ғана ҚМГ Қашаған Б.В. шоғырландырылған активтеріне және ҚМГ таза пайдасындағы 50% үлесті ҚМГ Қашаған Б.В. кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепке қосуды білдіреді.

ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 100% үлесті иеленген сәттен бастап бұл компания ағымдағы кезеңдегі және ағымдағы күндегі ҚМГ қаржы есептілігінде толық шоғырландыру әдісімен шоғырландырылады. ХҚЕС стандарттарына сәйкес өткен кезеңдердегі және өткен күндердегі ҚМГ көрсеткіштері ҚМГ Қашаған Б.В. 100% үлесін қосуды ескере отырып қайта есептелді. Сол себепті ҚМГ-нің қаржы көрсеткіштерінің бұрын жарияланған және 2022 жылдың есептіліктерінде айырмашылығы бар. Толық ақпарат шоғырландырылған қаржы есептілігінде қолжетімді.

2022 жылдың өндірістік нәтижелері[10]

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,7%-ға өсіп, 22 012 мың тоннаға жетті;

  • Мұнай тасымалдау көлемі 2021 жылдағы 74 565 мың тоннамен салыстырғанда 74 658 мың тонна болды;

  • Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 5,7%-ға артып, 19 900 мың тоннаға жетті.

2022

(ҚМГ үлесіне)

2021

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

22 012[11]

21 651

+1,7%

Газ өндіру, млн м³

8 241[12]

8 081

+2,0%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

74 658

74 565

+0,1%

Мұнай өңдеу, мың тонна

19 900

18 833

+5,7%

2022 жылдың қаржы нәтижелеріне шолу (толық шоғырландыру әдісімен ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 100% үлесін қамтиды)

Түсім

Түсім 8 686 млрд теңгеге (18 845 млн АҚШ доллары) жетті, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 34,5%-ға жоғары.

Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының жылына 42,9%-ға өсуі және теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа айырбас бағамының 8,2% әлсіреуі оң әсер етті.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірсіндегі үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС пайдасының 301 млрд теңгеге (575 млн. АҚШ) ұлғаюы нәтижесінде 45,7%-ға артып, 991 млрд теңгеге (2 151 млн АҚШ доллары) жетті.

EBITDA

EBITDA көрсеткіші 2021 жылғы 2 015 млрд теңгемен (4 730 млн АҚШ доллары) салыстырғанда мұнай-газ барлау мен өндіру сегментіндегі 27,2% және шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және сату сегментіндегі 58,3% өсімге байланысты 25,9%-ға өсіп, 2 538 млрд теңгеге (5 505 млн АҚШ доллары) жетті. Бұл өсімге мұнай мен мұнай өнімдеріне халықаралық бағаның жоғарылауы себеп болды.

EBITDA түзетілген көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 14,8% өсім көрсетіп, 2 009 млрд теңгеге (4 358 млн АҚШ доллары) жетті.

Таза пайда

Компанияның таза пайдасы 2,4%-ға артып, 1 317 млрд теңгеге (2 858 млн АҚШ доллары) жетті.

Бірлесіп бақыланатын  кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда 1 022 млрд теңгеден (2 398 млн АҚШ доллары) 788 млрд теңгеге (1 710 млн АҚШ доллары) дейін, яғни 22,8%-ға төмендеді.

Өзіндік құн

Есепті кезеңде сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны 37,3%-ға өсіп, 4 954 млрд теңгеге (10 749 млн АҚШ доллары) жетті. Өзіндік құнның өсуіне негізінен мұнай мен мұнай өнімдеріне бағаның қымбаттауы себеп болды.                                                                                                                                  

Операциялық шығыстар

Өндіріс шығыстары негізінен ҚМГ қызметін жүзеге асыратын өңірлердегі қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсалған шығынның артуына байланысты 58,4%-ға өсіп, 1 142 млрд теңге (2 478 млн АҚШ доллары) болды.

Тасымалдау және сату бойынша шығыстар 205 млрд теңгені (445 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11,9%-ға жоғары.

Жалпы және әкімшілік шығыстар өңірлердегі қызметкерлердің жалақысы мөлшері көтерілуіне байланысты 5,8%-ға  160 млрд теңгеге (347 млн АҚШ доллары) дейін ұлғайды.

Табыс салығынан басқа салықтар 47,0%-ға өсіп, 678 млрд теңгеге (1 471 млн АҚШ доллары) жетті. Бұған негізінен мұнай бағасының өсуіне байланысты рента салығы мен  акциз салығы бойынша шығынның ұлғаюы себеп болды.

Қаржы шығындары негізінен теңге бағамының әлсіреуіне байланысты қарыздар мен облигациялар бойынша пайыздық шығыстардың артуына, сондай-ақ кейбір пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты 307 млрд теңге (666 млн АҚШ долларын) болды, бұл 16,8%-ға көп.

Күрделі шығындар

Компанияның күрделі шығындары (есептеу әдісі бойынша, сегменттік есептілікте жария етілген) 13,4%-ға өсіп, 535 млрд теңгені (1 161 млн АҚШ долларын) құрады. Бұл шығындар негізінен мұнай-газды барлау мен өндіру сегментінетиесілі болды.

Бос ақша ағымы

ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының үлесін сатып алуға жұмсалған шығынды  есептемегенде бос ақша ағымы 2021 жылдағы 756 млрд теңгемен (1 774 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 116 млрд теңгені (2 421 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл ретте ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының үлесін сатып алуға жұмсалған шығында қосқанда жаңа дивиденд саясатына сәйкес қайта есептелген бос ақша ағымы   минус 82 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 110,9%-ға төмен болды. Көрсеткіштің теріс мәніне Қашағандағы үлесті сатып алуға жұмсалған шығын себеп болды.

Қарызды басқару

Қарыз жүктемесінің көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірл.

2022 жылғы 31 желтоқсан

2021 жылғы 31 желтоқсан

%

Облигация

млрд теңге

3 282

2 706

+21,3%

Қарыз

млрд теңге

862

1 040

-17,2%

Жалпы қарыз

млрд теңге

4 143

3 746

+10,6%

Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін.

Жалпы қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 4 143 миллиард теңгені (8 956 миллион АҚШ долларын) құрап, 2021 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда теңгемен 10,6%-ға және доллармен 3,2%-ға өсті.

2022 жылғы қыркүйекте Компания жылдық 3,0% купон мөлшерлемесімен және 2035 жылы өтеу мерзімімен 752 млрд теңге сомасына облигация орналастырды. Бұл облигацияларды KMG Kashagan B.V. акцияларын сатып алу мәмілесі аясында «Самұрық-Қазына» АҚ толық сатып алды. Облигацияның әділ құны мен номиналды құны арасындағы 380 млрд теңге мөлшеріндегі  айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте «Самұрық-Қазына» АҚ-пен жүргізілген операциялар ретінде көрсетілген.

2022 жылғы қаңтарда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) сыйақыны қосқанда Эксимбанктен алынған 604 млн АҚШ доллары (259 млрд теңге) мөлшеріндегі қарызды мерзімінен бұрын толық өтеді. Қарызды өтеу үшін 2021 жылдың қарашасында резервке қойылған қаражат  пайдаланылды.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы берешек негізінен 165 млрд теңге сомасына опционды жүзеге асырғаны үшін берешекпен ұсынылған. Бұл сома Компанияның есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілігінде басқа қысқа мерзімді қаржылық міндеттеме ретінде көрсетілген. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы Қашағандағы үлесін кері сатып алу бойынша опционды жүзеге асырғаны үшін берілген берешекті ескере отырып, компанияның жалпы қарызы 4 308 млрд теңгені (9 312 млн АҚШ долларын) құрады.

Таза қарыз

2022 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарыз 2 143 млрд теңгеге (4 632 млон АҚШ доллары) жетіп, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда теңгемен 8,0%-ға жоғары болды. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы Қашағандағы үлесін кері сатып алу бойынша опционды жүзеге асырғаны үшін берешекті ескере отырып, компанияның таза қарызы 2 308 млрд теңгені (4 989 млн АҚШ доллары) құрады.

Ақша қаражаты

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2022 жылғы 31 желтоқсан

2021 жылғы 31 желтоқсан

%

Ақша қаражаты және олардың

баламалары

млрд теңге

763

1 144

-33,3%

Қысқа мерзімді депозиттер

млрд теңге

1 178

562

+109,5%

Ұзақ мерзімді депозиттер

млрд теңге

59

56

+5,7%

Ақша қаражаты мен баламалары

және депозит түріндегі ақша

қаражаты

млрд теңге

2 000

1 763

+13,5%

2022 жылғы 31 желтоқсанда шоғырландырылған ақша қаражаты, ақша қаражатының баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда 13,5%-ға өсіп, 2 000 млрд теңгеге (4 323 млн АҚШ доллары) жетті. Доллар түрінде осы көрсеткіш те 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы 4 082 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі сомамен салыстырғанда 5,9%-ға артып, 4 323 млн АҚШ долларына жетті.

2022 жылдың басынан бергі басты корпоративтік оқиғалар:

  • 2022 жылғы 21 қаңтарда АМӨЗ Eximbank-тен алынған 604 млн АҚШ доллары (259 млрд теңге) сомасындағы қарызды мерзімінен бұрын толық өтеді.

  • 2022 жылғы 15 сәуірде М.М. Мырзағалиев ҚМГ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

  • 2022 жылғы 13 маусымда Компания полипропилен өндіретін зауыт құрылысының ауқымды жобасын жүзеге асырған «Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк» ЖШС-не қатысу үлесінің 49,5% сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.

  • 2022 жылғы 20 маусымда Компания «Самұрық-Қазына» АҚ пен ҚР Ұлттық Банкінің шешіміне сәйкес 2021 жыл үшін ҚМГ акциялары бойынша әр акцияға 327,80 теңгеден түсетін жалпы сомасы 200 млрд теңге дивиденд төледі.

  • 2022 жылғы 23 маусымда ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен, ҚМГ еншілес және мердігерлік ұйымдарының кәсіподақтарымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмысты күшейту, халықты жұмыспен қамту жобаларын іске асыру, өндірістік бағдарламалардың орындалуын, сондай-ақ кен орындарының игерілуін бақылау,мақсатында Ақтау қаласында өз өкілдігін ашты.

  • 2022 жылғы шілдеде Компания негізгі қызметі сұйытылған көмірсутекті газ бен мұнай өнімдерін сату болып табылатын «Petrosun» ЖШС-не қатысу үлесінің 49%-ын сатып алды.

  • 2022 жылғы 12 қыркүйекте Компания «Самұрық-Қазына» АҚ-та ҚМГ Қашаған Б.В. үлесін кері сатып алу бойынша колл-опционның орындалуын қаржыландыру үшін жылдық 3,0% купон мөлшерлемесімен және 2035 жылы өтеу мерзімімен 752 млрд теңге сомасына облигация орналастырды.

  • 2022 жылғы 15 қыркүйекте Компания 2015 жылы жасалған колл-опцион келісімі аясындағы өз құқығын пайдаланып, Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған жобасы) бойынша Өнімді бөлу туралы келісімде 16,88% тиесілі «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесті 3,8 млрд. АҚШ долларына «Самұрық-Қазына» АҚ-тан сатып алды.

  • 2022 жылғы 27 қыркүйекте Standard&Poor's рейтингтік агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-тан ҚМГ Қашаған Б.В. үлесін кері сатып алу бойынша колл-опционды жүзеге асыру қорытындысы бойынша Компанияның рейтингін «ВВ+» деңгейіне көтерді, болжамы «теріс».

  • 2022 жылғы 27 қазанда Компанияның акционерлеріне қатысты жаңа дивиденд саясаты бекітілді, онда дивиденд мөлшерін белгілеудің жаңа тәртібі мен оларды төлеудің тиісті тәртібі анықталды.

  • 2022 жылғы қарашада Қашағанда көмірсутекті өндіру 2022 жылғы 3 тамызда өндірістік учаске аумағында газдың шығып кету белгілері анықталуына байланысты «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы тоқтағаннан кейін толығымен қайта іске қосылды.

  • 2022 жылғы 8 қарашада Президент Kazakhstan Petrochemical Industries Inc ЖШС-ның жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіруге қауқарлы интеграцияланған газ-химия кешені жұмысын іске қосты.

  • 2022 жылғы 8 желтоқсанда AIX және KASE биржаларында ҚМГ акцияларының қайталама саудасы басталды. ҚМГ-нің IPO-сы қабылданған өтінімдер саны (129,9 мың), орналастыру көлемі (153,9 млрд. теңге) және жеке тұлғалардың ұсыныс көлеміне қатысуы (52,1%) бойынша қазақстандық қор нарығы тарихындағы ең ірі IPO ғана емес, сонымен қатар бірінші «цифрлық» IPO (онлайн режимінде берілген өтінімдердің 99%) болды.

  • 2023 жылғы 9 наурызда Standard&Poor's рейтингтік агенттігі Компанияның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растап, «теріс» болжамды «тұрақты» етіп қайта қарады, бұл агенттіктің Қазақстан бойынша рейтингтік қызметін көрсетеді (рейтинг «ВВВ-» деңгейінде расталды, «теріс» болжамы «тұрақты» болып қайта қаралды).

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://www.kmg.kz/rus/investoram/reporting-and-financial-result/   

[1] Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2022 және 2021 жылдардағы орташа бағамдар 1 доллар үшін тиісінше 460,93 теңге және 426,06 теңге болды. 2022 жылғы 31 желтоқсандағы және 2021 жылғы 31 желтоқсандағы кезең соңындағы курстар 1 доллар үшін 462,65 теңге және 431,80 теңгені құрады).

[2] Бірлесіп бақыланатын ұйымдар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлеске түзетілген таза пайда = Таза пайда плюс бірлесіп бақыланатын ұйымдар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд минус Бірлесіп бақыланатын ұйымдар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесі.

[3] Дереккөзі: S&P Global Platts.

[4] EBITDA = кірістер плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі, нетто, минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыс минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[5] EBITDA түзетілген көрсеткіші = кірістер плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[6] Бос ақша ағымы = операциялық қызметтен түскен ақша ағымы минус негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау мен бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд операциялық қызметтен түскен ақша ағымына кіреді.

[7] Еркін ақша ағымы (дивиденд саясат бойынша) = есепті кезеңдегі қызмет қорытындысы бойынша компанияның операциялық қызметтен түскен шоғырландырылған ақша ағымы (бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді қоса алғанда, бірақ мұнай жеткізу үшін алынған аванс бөлігінде айналым капиталындағы таза өзгеріс қосылмайды) минус негізгі құралдарды сатып алу (соның ішінде, негізгі құралдарға берілген аванс) минус материалдық емес активтерді сатып алу минус кен орнын игеру бойынша активтерді сатып алу минус бағалау мен барлау активтерін сатып алу минус еншілес ұйымның/бірлескен кәсіпорынның үлесін сатып алу плюс еншілес ұйымға/бірлескен/қауымдасқан кәсіпорынға қатысу үлестерін сатудан түскен қаражат (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 және 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларымен бекітілген тізімдер бойынша компанияның активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражатты қоспағанда)

[8] Есепті кезең соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[9] Есепті кезең соңындағы таза қарыз: облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаттары және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[10] Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдастырылған компаниялардағы ҚМГ-нің иелік ету үлесіне және шоғырландырылатын

еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% сәйкес көрсетілген. Толығырақ ақпарат 2022 жылғы өндірістік нәтижелер бойынша баспасөз хабарламасында  мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.kmg.kz/upload/iblock/0fe/d5zdcp71pq9ubtpfzqm6wd55f179ipko/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%9C%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D0%93%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%A3%202022%20%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%A3%20%D3%A9%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA%20%D0%BA%D3%A9%D1%80%D1%81%D0%B5%D1%82%D0%BA%D1%96%D1%88%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96%20KAZ.pdf 

[11] ҚМГ Қашаған Б. В. Компаниясының мұнай және газ өндіру көлемі 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін 50% және 2022 жылғы 15 қыркүйектен кейін 100% мөлшерінде қосылған.

[12] 2021 жылдың 9 қарашасында Компания «QazaqGaz» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚазТрансГаз, ҚТГ) акцияларының 100%-ын «Самұрық-Қазынаға» 1 теңгеге берді және сенімгерлік басқару шартының қолданылуы тоқтатылды. 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап ҚТГ тоқтатылған қызмет ретінде жіктелді. Қосымша мәліметтерді тәуелсіз аудитордың есебімен бар 2022 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің 5-ескертпесін қараңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>