Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылдың қаржы нәтижелері

14.03.2024

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың есебімен қоса, 2023 жылдың қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялады.

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың басты қаржы көрсеткіштері[1]:

  • Түсім 8 693 млрд теңгемен (18 860 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 8 320 млрд теңгені (18 236 млн АҚШ доллары) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 2 536 млрд теңгемен (5 502 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 995 млрд теңгені (4 372 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесті үлесті ескергенде, Компанияның таза пайдасы 1 307 млрд теңгемен (2 835 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 924 млрд теңгені (2 026 млн АҚШ долларын) құрады; 
  • Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда[2] 778 млрд теңгемен (1 687 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 010 млрд теңгеге (2 214 млн АҚШ долларын) жетті;
  • Бос ақша ағымы 1 116 млрд теңгемен (2 421 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 984 млрд теңгені (2 157 млн АҚШ долларын) құрады;
  • 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жалпы қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 4 154 млрд теңге (8 980 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 757 млрд теңгеге (8 265 млн АҚШ доллары) жетті;
  • Компанияның 2023 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарызы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 2 154 млрд теңге (4 655 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 645 млрд теңгені (3 620 млн АҚШ доллары) құрады.
Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі 2023  2022 %

Мұнай, Dated Brent[3] $/барр. 82,64 101,32 -18,4%
Мұнай, Dated Urals3 $/барр. 64,69 76,87 -15,8%
Мұнай, KEBCO3 $/барр. 81,74 77,20[4] -
Орташа бағам теңге/АҚШ доллары 456,21 460,93 -1,0%
Түсім млрд теңге 8 320 8 693 -4,3%
Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі млрд теңге 534 991 -46,1%
Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд млрд теңге 620 462 34,1%
Таза пайда млрд теңге 924 1 307 -29,2%
Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар үлесіне түзетілген таза пайда млрд теңге 1 010 778 29,9%
EBITDA[5] млрд теңге 1 995 2 536 -21,4%
EBITDA түзетілген көрсеткіші[6] млрд теңге 2 080 2 007 3,6%
Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша) млрд теңге 804 535 50,2%
Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша) млрд теңге 683 451 51,4%
Бос ақша ағымы[7] млрд теңге 984 1 116 -11,8%
Жалпы қарыз[8] млрд теңге 3 757 4 154 -9,6%
Таза қарыз[9] млрд теңге 1 645 2 154 -23,6%

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы өндірістік көрсеткіштер[10]:

  • ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 3,7%-ға артып, 733 млн тонна м.э. құрады;
  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6,9%-ға өсіп, 23 532 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 7,6%-ға өсіп, 80 359 мың тоннаға жетті;
  • Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ)  өңдеу көлемі 19 900 мың тоннамен салыстырғанда 19 593 мың тонна болды.
  2023 (ҚМГ үлесіне) 2022  (ҚМГ үлесіне) %
  2023 (ҚМГ үлесіне) 2022  (ҚМГ үлесіне) %
PRMS бойынша 2Р қоры,  млн. тонна м.э. 733 707 +3,7%
Мұнай өндіру, мың тонна 23 532 22 012 +6,9%
Газ өндіру, млн м³ 9 459 8 241 +14,8%
Мұнай тасымалдау, мың тонна 80 359 74 658 +7,6%
Мұнай өңдеу, мың тонна 19 593 19 900 -1,5%

2023 жылғы қаржы нәтижелеріне шолу

Түсім

Түсім 8 320 млрд теңгені (18 236 млн АҚШ долл.) құрап,  2022 жылғы көрсеткіштен 4,3%-ға төмен болды.

Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 2022 жылмен салыстырғанда  2023 жылы 18,4-ға төмендеуі кері әсерін тигізді.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлес

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС-нен түсетін пайданың 402 млрд теңгеге (864 млн АҚШ доллары) және Каспий Құбыр Консорциумынан түсетін пайданың 53 млрд теңгеге (114 млн АҚШ доллары) азайю салдарынан 46,1%-ға төмендеп, 534 млрд теңге (1 171 млн АҚШ доллары) болды.

EBITDA

EBITDA көрсеткіші 2023 жылы негізінен Brent маркалы мұнайға орташа бағаның азаюына байланысты Мұнай-газды барлау мен өндіру сегментінде 21,9%-ға төмендеу салдарынан бір жыл бұрынғы 2 536 млрд теңгемен (5 502 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 995 млрд теңгені (4 372  млн АҚШ доллары) құрап, 21,4%-ға төмендеді. 

EBITDA түзетілген көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындар мен  қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің орнына  бірлескен және қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді көрсететін түзетілген EBITDA көрсеткіші 2 080 млрд теңгеге (4 560 млн АҚШ доллары) жетті, бұл көрсеткіш негізінен ТШО-дан түскен дивиденд көлемінің ұлғаюы есебінен 3,6%-ға өсті.

Таза пайда

Компанияның таза пайдасы 2022 жылмен салыстырғанда 29,2%-ға төмендеп, 924 млрд теңгені (2 026 млн АҚШ долларын) құрады. 

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда 29,9%-ға, яғни 778 млрд теңгеден (1 687 млн. АҚШ долларынан) 1 010 млрд теңгеге (2 214 млн АҚШ долларына) дейін артты. 

Өзіндік құн

Есепті кезеңде сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны 6,8%-ға төмендеп, 4 622 млрд теңгеге (10 131 млн АҚШ доллары) жетті. Өзіндік құнның төмендеуі көбінесе қайта сату үшін сатып алынған мұнайдың орташа бағасының төмендеуіне байланысты болды.

Операциялық шығыстар

Өндірістік шығыстар 6,6%-ға өсіп, 1 220 млрд теңгеге (2 674 млн. АҚШ доллары) жетті. Бұл көрсеткішке негізінен ҚМГ қызметін жүзеге асыратын өңірлердегі жұмысшылардың жалақысын индексациялау, сондай-ақ көлік қызметтеріне және қысқа мерзімге жалға алуға жұмсалған шығынның артуы себеп болды.

Есепті кезеңде тасымалдау және сату бойынша шығыстар 246 млрд теңгені (538 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 19,6%-ға жоғары. Бұл көрсеткіштің өсуіне KMG Kashagan B.V. бойынша сату мұнай көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ KMG International мұнай өнімдерін сату көлемінің ұлғаюы себеп болды.

Жалпы және әкімшілік шығыстар 10,8%-ға артып, 178 млрд теңгеге (390 млн. АҚШ доллары) жетті. Бұл көрсеткіш жалақыға жұмсалатын шығынның ұлғаюына және ХҚЕС талаптарына сәйкес қалыптасатын дебиторлық берешек бойынша қордың артуына  байланысты өсті.

Табыс салығынан басқа, салықтар әсіресе шикі мұнай экспортына рента салығының, мұнай бағасының төмендеуі салдарынан пайдалы қазбаларды өндіру салығының төмендеуі, сондай-ақ экспорттық кеден бажы бойынша шығыстардың азаюы есебінен 594 млрд теңгеге (1 302 млн АҚШ доллары) жетіп, 12,4%-ға қысқарды.

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Жеңіс» жобасы бойынша бұрғылаудың  теріс нәтижелеріне, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінен «Ақтоты және Қайраң» жер қойнауы учаскелеріне қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы хабарлама келуіне байланысты барлау және бағалау жөніндегі активтердің құнсыздануынан жалпы сомасы 114,5 млрд теңге мөлшерінде шығын анықталды.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құнсыздану индикаторларының болуына, атап айтқанда мұнай және газ нарығында мұнай өңдеу маржасының құбылмалығының жоғарылауына байланысты KMG International негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануына тест жүргізіп, құнсызданудан болған 95 млрд теңге мөлшерінде шығынды аныталды. 

2023 жылғы маусымда KMG International-дің еншілес ұйымы Петромидия мұнай өңдеу зауытында оқыс оқиға болып, «жеңіл гидрокрекинг» қондырғысының жұмысы уақытша тоқтатылды. Петромидияда оқыс оқиғаның салдарын бағалау бойынша жұмыс жүргізілді және негізгі құралдардың құнсыздануынан болған 2,7 млрд теңге мөлшерінде шығын анықталды.

Осылайша, 2023 жылы ҚМГ тобы бойынша негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және барлауға жұмсалған  шығының  құнсыздануынан болған залалдың жалпы сомасы 230,6 млрд теңгеге жетті.

Күрделі шығындар

Есептеу әдісі (Компанияның сегменттік есептілігінде ашып көрсетілген) бойынша күрделі шығындар 804 млрд теңгені (1 761 млн АҚШ доллары) құрап, көбіне «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ-да ұңғымаларды бұрғылауға жұмсалған шығындарға, «Өзен-Атырау-Самара» құбырының учаскесін ауыстыруға, сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырын  реконструкциялауға және кеңейтуге байланысты 50,2%-ға артты.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд

Бұған дейінгі ұқсас кезеңмен салыстырғанда бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд 34,1%-ға ұлғайды және негізінен «Теңізшевройл» ЖШС-нен алынған дивиденд мөлшерінің 219 млрд теңгеге (485 млн АҚШ доллары) және «PETROSUN» ЖШС-нен 29,4 млрд теңгеге (65 млн. АҚШ доллары) ұлғаюы есебінен 620 млрд теңгеге (1 359 млн АҚШ доллары) жетті.

Бос ақша ағымы

Бұған дейінгі ұқсас кезеңмен салыстырғанда бос ақша ағымы 11,8% азайып, 984 млрд теңге (2 157 млн АҚШ доллары) болды. Көрсеткіштің төмендеуіне мұнай бағасының арзандауы және күрделі шығындардың өсуі себеп болды.

Қарызды басқару

Қарыз жүктемесінің көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі 2023 жылғы 31 желтоқсан 2022 жылғы 31 желтоқсан %

Облигация млрд теңге 3 046 3 282 -7,2%
Қарыз млрд теңге 711 873 -18,5%
Жалпы қарыз млрд теңге 3 757 4 154 -9,6%

Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 3 757 млрд теңгеге (8 265 млн АҚШ доллары) жетіп, теңгемен 9,6%-ға және доллармен есептегенде 8%-ға азайған.

2023 жылы сәуірде ҚМГ 2025 жылғы өтеу мерзімімен 500 млн АҚШ доллары сомасына Еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді. 2023 жылы желтоқсанда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ВТБ Банкінен алынған 42 371 млн рубль (213 729 млн теңгеге тең) сомасындағы қарызды сыйақысымен бірге толық өтеді, сондай-ақ Халық банкінен алынған жалпы сомасы 102 674 млн теңге қарызын сыйақысымен бірге ішінара өтеді.

Жалпы қарыздың азаюы KMG International-дің айналым капиталын қаржыландыру мақсатында 307 млн АҚШ доллары синдикатталған қарызын (140 млрд теңгеге тең), Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ. Ltd банкінен 101 млн АҚШ доллары сомасында (46 млрд теңгеге тең) және Banque de Commerce et de Placements-тен 83 млн АҚШ доллары (38 млрд теңгеге тең) қарыз алуымен ішінара өтелді.

Таза қарыз

2023 жылғы 31 желтоқсанда таза қарыз 1 645 млрд теңгені (3 620 млн АҚШ долларын) құрап, 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда теңгемен 23,6%-ға және доллармен 22,3%-ға азайған. 

Ақша қаражаты 

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

Ақша қаражаты мен олардың баламалары млрд теңге 1 051 763 37,7%
Қысқа мерзімді депозиттер млрд теңге 997 1 178 -15,4%
Ұзақ мерзімді депозиттер млрд теңге 64 59 7,9%
Ақша қаражаты. олардың  баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты млрд теңге 2 112 2 001 5,6%

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары, соның ішінде 2023 жылғы 31 желтоқсандағы депозит түріндегі ақша қаражаты 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,6%-ға артып, 2 112 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш доллар түрінде 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 7,4%-ға ұлғайып, 4 646 млн АҚШ долларға жетті.

2023 жылдың басынан бергі басты корпоративтік  оқиғалар:

  • 2023 жылғы 9 ақпанда ҚМГ және «ЛУКОЙЛ»  ЖАҚ , «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС (ККО) бойынша Қатысушылар келісімінекомпанияның жарғылық капиталындағы 50% қатысу үлесін сатып алу-сату шартына және қатысушылардың оператор қызметін қаржыландыру шарттары туралы келісімге қол қойды.
  • 2023 жылы 9 наурызда Standard&Poor's рейтингтік агенттігі Компанияның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растап, болжамды «тұрақты» етіп қайта қарады. Бұл агенттіктің Қазақстан бойынша рейтингтік қызметін көрсетеді (рейтинг «ВВВ-» деңгейінде расталды, болжам «тұрақты» болып қайта қаралды).
  • 2023 жылы 20 наурызда Теңіз кен орны мұнайын Баку бағытына қарай, ал 2023 жылы сәуірде Джейханнан  жөнелтіле басталды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан 1 057 мың тонна мұнай жөнелтілді.
  • 2023 жылы 26 сәуірде ҚМГ 2025 жылғы өтеу мерзімімен 500 млн АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді.
  • 2023 жылы 27 сәуірде ҚМГ «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырын реконструкциялау және кеңейту» 1-кезек»  жобасын қаржыландыру мақсатында 10 жыл мерзімге және 0,5% мөлшерлемемен 50 млрд теңге сомаға облигация шығарды.
  • 2023 жылы 3 мамырда Standard&Poor's рейтингтік агенттігі мемлекеттік қолдау ықтималдығын «жоғары» деңгейден «өте жоғары» деңгейге көтерді, Компанияның рейтингі өзгеріссіз қалды.
  • 2023 жылы 20 маусымда ҚМГ және Rosneft Deutschland 2023 жылдың соңына дейін Қарашығанақ кен орнының ресурстарынан Шведт қаласындағы PCK Raffinerie мұнай өңдеу зауытына айына 100 мың тонна шикі мұнай жеткізу туралы шартқа қол қойды.
  • 2023 жылы 21 маусымда ҚМГ «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Еуразиялық даму банкінің пайдасына кепілдік шығарды (кредиттік желінің сомасы — 150 млн. АҚШ доллары, қарыз мерзімі — 3 жыл).
  • 2023 жылы 21 маусымда Констанцадағы (Румыния) Петромидия МӨЗ-де техникалық қызмет көрсету бойынша арнайы жұмыстар жүргізілгеннен кейін жеңіл гидрокрекинг қондырғысында өрт болды. Өртті зауыттың өрт сөндірушілері оқшаулап, Төтенше жағдайлар инспекциясының арнайы машиналары келгенге дейін де жағдайды толық бақылауға алды. Қазіргі уақытта түзету шараларының жоспарына сәйкес іс-шаралар жүргізілуде. Қондырғыны  2024 жылы 26 ақпанда іске қосылды.
  • 2023 жылы 22 маусымда Fitch рейтингтік агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингін «BBB-»-дан «ВВВ»-ға дейін көтерді, дербес кредит қабілеттілігі рейтингінің жоғарылуы негізінде болжам «тұрақты». ҚМГ рейтингі ҚР тәуелсіз рейтингіне тең.
  • 2023 жылы 26 маусымда ҚМГ  акционерлеріне 2022 жылға арналған дивиденд төлеуді аяқтады. Дивидендтердің жалпы сомасы — 300 млрд теңге. Бір жай акцияға дивиденд мөлшері 491,71 теңгені құрады. 
  • 2023 жылы 17 қазанда ҚМГ, СИБУР және China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec) полиэтилен өндіру  жобасына қатысу үлесін сатып алу-сату шарттарына қол қойды.
  • 2023 жылдың қазан айында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) газ-химия кешенінде полипропиленнің жаңа маркасын шығара бастады. PP h031 BF/7 маркалы полипропилен тамақ өнімдері мен күнделікті өмірге арналған тауарлар үшін полимерлі үлдірден жасалған қаптама өндірісінде Еуропа елдерінде және Қазақстанда қолданылады.
  • 2023 жылы қарашада ҚМГ 2022 жылға арналған ESG тәуекел рейтингісіне жаңартылған баға алды — 32,3 балл (бұған дейінгісі 28,5 балл).
  • 2023 жылдың қарашасында «Доңға» жобасындағы жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін Total E&P Dunga GmbH компаниясының жарғылық капиталындағы 100% акцияны  TotalEnergies EP Danmark A/S (TotalEnergies S.E. еншілес компаниясы) сатып алу жөнінде мәміле аяқталды. ҚМГ-нің «Доңға» жер қойнауын пайдалану жобасындағы үлесі 60%-ға тең.
  • 2023 жылы 22 қарашада ҚМГ «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырын реконструкциялау және кеңейту» 1-кезек»  жобасын қаржыландыру мақсатында 10 жыл мерзімге және 0,5% мөлшерлемемен 20 млрд теңге сомаға облигация шығарды.
  • 2023 жылдың соңында «Самұрық-Қазына» АҚ ҚМГ-нің 1,3 трлн теңге сомасына тең акцияларын (жай акциялардың 122 023 898 данасы) ҚР Қаржы министрлігінің пайдасына иеліктен шығарды. ҚР Қаржы министрлігінің үлесі — 20%.
  • 2023 жылы 13 желтоқсанда Moody's рейтингтік агенттігі ҚМГ-нің кредиттік рейтингін «Baa2» деңгейінде растады, болжам меншікті кредит төлеу қабілеттілігі рейтингісінің жоғарылауы аясында «позитивті» деңгейі болып қайта өзгерді. ҚМГ рейтингі ҚР егеменді рейтингісіне тең.
  • 2023 жылы 26 желтоқсанда Standard&Poor's рейтингтік агенттігі ҚМГ-нің кредиттік рейтингін BB+ деңгейінде растап, меншікті кредит қабілеттілігі рейтингін «bb-»-ден «bb»-ге өзгертті.
  • 2023 жылы желтоқсанда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ВТБ Банкінен 42 371 млн рубль (213 729 млн теңгеге тең) алған қарызды сыйақымен бірге толық өтеді.
  • 2024 жылы 18 қаңтарда ҚМГ және Eni S. p.A. (Eni) Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды.
  • 2024 жылы 21 ақпанда ҚМГ мен «Татнефть» ЖАҚ арасында «Karaton Operating Ltd.» акцияларының 50%-ын сатып алу-сату шартына қол қойылды.
  • 2023 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрылымында жаңа тағайындаулар болды. 2024 жылғы наурыздағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамы 9 адамнан тұрады (Бердіғұлов Е.Қ. - Директорлар кеңесінің төрағасы, Отыншиев Е.М., Қарабалин Ұ.С., Мырзағалиев М.М., Жұбаев А.С., Арғынғазин А.А., Холланд Ф.М., Мыңшәріпова С.Н., Шәкіров А.О.), ҚМГ Басқармасының құрамында 9 адам бар (Мырзағалиев М.М. — Басқарма төрағасы, Абдулғафаров Д.Е., Закиров Б.Қ., Лавренов В.С., Макеев Д.С., Арысова Д.А., Брекешев С.А., Құдайбергенов Қ.М., Союнов Н.Д.).

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.kmg.kz/ru/investors/reporting/ 

Байланыс: ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

ҚМГ негізгі активтері:

  • Барлау және Өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) — 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) — 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) — 100%, ҚазМұнайТеңіз — 100%, Өріктау (ӨО) — 100%, Доңға — 60%, Урал Ойл энд Газ (ООГ) — 50%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) — 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) — 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) — 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) — 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПҚИ) — 33%, Теңізшевройл (Теңіз) — 20%, Қарашығанақ — 10%, Қашаған — 16,88%.
  • Тасымалдау: ҚазТрансОйл — 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) — 50%, МұнайТас — 51%, Батуми мұнай терминалы — 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) — 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты — 100%.
  • Өңдеу және басқалары: ПМХЗ — 100%, АМӨЗ — 99,53%, ПҚОП — 49,72%, KMG International — 100%, Caspi Bitum — 50%, Петромидия — 54,63%, Вега — 54,63%, ҚазРосГаз — 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. — 49,5%.

[1] Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша  АҚШ долларымен  көрсетілген (2023 және 2022 жылдардағы орташа бағам бір АҚШ долларына шаққанда 456,21 және тиісінше 460,93 теңгені құрайды; 2023 жылғы 31 желтоқсанда және 2022 жылғы 31 желтоқсанда — кезең соңындағы бағам АҚШ долларына шаққанда 454,56 және тиісінше 462,65 теңгені құрйды). 

[2] Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесне түзетілген таза пайда = Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан ұйымдардан алынған дивидендті қосқанда, бірлесіп бақылауға алнатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесін шегергендегі таза пайда.

[3] Дереккөз: S&P Global Platts.

[4] KEBCO маркалы мұнайының баға белгілеу 06.06.2022 ж. Басталады. 2022 жылғы орташа баға 06.06.2022 ж. бастап 31.12.2022 ж. дейінгі кезең үшін көрсетілген.

[5] EBITDA = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлес минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығындар минус тасымалдау және өткізу  шығыны минус табыс салығынан басқа салықтар.

[6] EBITDA түзетілген көрсеткіші = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және өткізу  шығыны минус  табыс салығынан басқа салықтар.

[7] Бос ақша ағымы = негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау мен бағалау активтерін сатып алуды алып тастағанда операциялық қызметтен алынған ақша ағымы. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд сомасы операциялық қызметтен алынған ақша ағымына енгізілген.

[8] Есепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[9] Есепті кезеңнің соңындағы таза қарыз: облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаттары және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[10] Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-нің иелену үлесіне  сәйкес  шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100%-ы көрсетілген. Толық ақпаратты 2023 жылдың өндірістік нәтижелері жөніндегі  баспасөз хабарламасында мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>