Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелері

24.05.2024

Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «ҚМГ», «Компания»), халықаралық қаржы есептілік стандарттарына (ХҚЕС) 34 «Аралық қаржы есептілігі», тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратты шолу тексеруінің нәтижелері бойынша есебіне сәйкес жасалған 2024 жылғы 31 наурызда аяқталған үш ай үшін аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялайды.

2024 жылдың бірінші тоқсаны үшін негізгі қаржы көрсеткіштері[1] 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда:

  • Түсім 1 887 млрд. теңгемен (4 149 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 2 227 млрд. теңге (4 948 млн. АҚШ долл.) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 550 млрд. теңгемен (1 210 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 548 млрд. теңге (1 218 млн. АҚШ долл.) құрады;
  • Компанияның бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы табыстағы үлесті ескергенде таза табысы 287 млрд. теңгемен (631 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 300 млрд. теңгені (667 млн. АҚШ долл.) құрады;
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы[2] табыстағы үлеске түзетілген таза табыс 96 млрд. теңгемен (210 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 201 млрд. теңге (446 млн. АҚШ долл.) құрады;
  • Бос ақша ағыны минус 53 млрд. теңгемен (минус 116 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 144 млрд. теңге (320 млн. АҚШ долл.) құрады;
  • 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша жалпы берешек, 2023 жылғы 31 желтоқсандағы 3 757 млрд. теңге (8 265 млн. АҚШ долл.) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 971 млрд. теңгені (8 889 млн. АҚШ долл.) құрады;
  • 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Компанияның таза берешегі, 2023 жылғы 31 желтоқсандағы 1 645 млрд. теңге (3 620 млн. АҚШ долл.) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 748 млрд. теңгені (3 912 млн. АҚШ долл.) құрады.
Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі 2024 жылғы 3 ай 2023 жылғы 3 ай %
Мұнай, Dated Brent[3] $/барр. 83,16 81,17 2,5%
Мұнай, Dated Urals[3] $/барр. 71,06 51,32 38,5%
Мұнай, KEBCO[3] $/барр. 82,17 77,96 5,4%
Орташа бағам теңге/ АҚШ долл. 450,18 454,82 -1,0%
Түсім млрд. теңге 2 227 1 887 18,0%
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы табыс үлесі млрд. теңге 154 192 -19,5%
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардан және қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер млрд. теңге 55 0,25 21 825,6%
Таза табыс млрд. теңге 300 287 4,7%
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза табыс млрд. теңге 201 96 110,3%
EBITDA[4] млрд. теңге 548 550 -0,4%
EBITDA[5] түзетілген көрсеткіші млрд. теңге 449 359 25,1%
Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша) млрд. теңге 112 151 -25,6%
Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша) млрд. теңге 126 189 -33,0%
Еркін ақша ағыны[6] млрд. теңге 144 -53 372,3%
Жалпы берешек[7] млрд. теңге 3 971 3 757[8] 5,7%
Таза берешек[9] млрд. теңге 1 748 1 645[8] 6,2%

2024 жылдың бірінші тоқсаны үшін негізгі өндірістік көрсеткіштері[10] 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда:

  • Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 1,7%-ға ұлғайып, 6 064 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 14,2%-ға ұлғайып, 21 541 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстандық және румыниялық МӨЗ көмірсутегі шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 4 936 мың тоннаммен салыстырғанда 4 626 мың тонна құраған.
  2024 жылғы 3 ай (ҚМГ үлесіне) 2023 жылғы 3 ай (ҚМГ үлесіне) %
Мұнай өндіру, мың тонна 6 064 5 961 +1,7%
Газ өндіру, млн. м³ 2 522 2 410 +4,6%
Мұнай тасымалдау, мың тонна 21 541 18 858 +14,2%
Мұнай өңдеу, мың тонна 4 626 4 936 -6,3%

2024 жылдың бірінші тоқсаны үшін қаржы нәтижелеріне шолу

Түсім

Түсім негізінен мұнай сату көлемдерінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 2,5%-ға өсуімен байланысты 2 227 млрд. теңге (4 948 млн. АҚШ долл.) құрады, бұл 2023 жылдың бірінші тоқсаны көрсеткіштерінен 18,0%-ға жоғары.

Бірлескен кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы табыстың үлесі

Бірлескен кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы табыстың үлесі 19,5%-ға азайып, СҚБЖ/ККЖ жаңа объектілерін пайдалануға беру есебінен амортизация бойынша шығыстардың ұлғаюына байланысты «Теңізшевройл» ЖШС табысының 41,3 млрд. теңгеге (89 млн. АҚШ долл.) азаюы нәтижесінде 154 млрд. теңге (343 млн. АҚШ долл), құрады.

EBITDA

2024 жылдың бірінші тоқсаны үшін EBITDA көрсеткіші 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда негізінен өзгерген жоқ, 548 млрд. теңге (1 218 млн. АҚШ долл.) құраған.

EBITDA түзетілген көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы кірістер үлесінің орнына, бірлескен кәсіпорындардан және қауымдасқан компаниялардан алынатын дивидендтерді көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 449 млрд. теңге (997 млн. АҚШ долл.) құраған, 25,1% өсімді көрсеткен.

Таза пайда

Компанияның таза пайдасы 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 4,7%-ға ұлғайып, 300 млрд. теңге (667 млн. АҚШ долл.) құрады.

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда 110,3%-ға, 96 млрд. теңгеден (210 млн. АҚШ долл.) 201 млрд. теңгеге (446 млн. АҚШ долл.) дейін ұлғайды.

Өзіндік құн

Сатып алынатын мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және өзге материалдардың өзіндік құны есептік кезеңде 1 266 млрд. теңгеге (2 812 млн. АҚШ долл.) жетіп, 22,7%-ға ұлғайды. Өзіндік құнның ұлғаюы көбінесе сатып алу көлемінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ мұнайдың орташа бағасының өсуіне байланысты қайта сату үшін сатып алынған мұнай бойынша шығындардың ұлғаюына байланысты. 

Операциялық шығындар

Өндірістік шығындар 26%-ға ұлғайып, 328 млрд. теңгені (729 млн. АҚШ долл.) құрады, негізінен ҚМГ қызметі жүзеге асырылатын өңірлерде өндірістік жұмыскерлерге төленетін еңбекақы бойынша шығындады индекстеуге, сондай-ақ көлік шығындарының ұлғаюына байланысты.

Тасымалдау және сату бойынша шығындар есептік кезеңде 67 млрд. теңге (148 млн. АҚШ долл.) құрады, бұл 2023 жылдың 1-тоқсаны көрсеткішінен 8,7%-ға жоғары. Өсім KMG International мұнайын өткізу көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ 2023 жылғы қарашадан бастап Dunga Operating GmbH ҚМГ шоғырландыру периметріне енгізілуіне байланысты.

Жалпы және әкімшілік шығандар 18,9%-ға ұлғайып, 40 млрд. теңгені (88 млн. АҚШ долл.) құрады. Өсім еңбекақы бойынша шығындардың, сондай-ақ өзге де шығындардың ұлғаюына байланысты.

Табыс салығынан басқа салықтар, әсіресе шикі мұнай экспортына ренталық салықтың азаюы салдарынан 6%-ға қысқарып, 133 млрд. теңгені (296 млн. АҚШ долл.) құрады.

Күрделі шығандар

Есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар («Сегменттік есептілік» ескеруінде ашылған), әсіресе «Өзен-Атырау-Самара» құбыры учаскесін ауыстыруды аяқтаумен, сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысын реконструкциялау мен кеңейтудің аяқталуына байланысты 112 млрд. теңгені (249 млн. АҚШ долл.) құрап, 25,6%-ға азайды.

Бірлескен кәсіпорындардан және қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер 0,25 млрд теңгемен (0,55 млн. АҚШ) салыстырғанда 55 млрд теңгені (122 млн. АҚШ долл.) құрады. Елеулі ауытқу негізінен есепті кезеңде және өткен жылы «Теңізшевройл» ЖШС дивидендтерін төлеудің әртүрлі кезеңділігімен түсіндіріледі. Өсім негізінен «Теңізшевройл» ЖШС-ның 38,2 млрд теңге (85 млн. АҚШ долл.) және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 13,5 млрд теңге (30 млн. АҚШ) мөлшерінде дивидендтерін төлеу есебінен болды.

Бос ақша ағыны

Бос ақша ағыны тиісті кезеңмен салыстырғанда 372,3%-ға ұлғайып, 144 млрд. теңгені (320 млн. АҚШ долл.) құрады. Көрсеткіштің ұлғаюы мұнайды сату көлемінің өсуіне, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтердің ұлғаюына, сондай-ақ күрделі шығындардың азаюына байланысты.

Берешекті басқару

Берешектік жүктеменің көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі 2024 жылғы 31 наурыз 2023 жылғы 31 желтоқсан %
Облигациялар млрд. теңге 3 259 3 046 7,0%
Несиелер млрд. теңге 712 711 0,2%
Жалпы берешек млрд. теңге 3 971 3 757 5,7%

Сандардың дөңгелектеу салдарынан қосылмауы да мүмкін.

2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша жалпы қарыз негізінен 2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына ҚМГ шығарған облигациялардың купондық мөлшерлемесінің 3%-дан 9,3%-ға дейін өсуіне байланысты[11]. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгелік мәнде 5,7%-ға және долларлық мәнде 7,5% - ға ұлғайып, 3 971 млрд теңгені (8 889 млн. АҚШ доллары) құрады.

2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша, KMG International, айналым капиталын қаржыландыру мақсатында, NATIXIS-тен жалпы сомасы 89,5 млн. АҚШ долл. (баламасы 40,3 млрд. теңге) және ING Bank-тан жалпы сомасы 23,7 млн. АҚШ долл. (баламасы 10,7 млрд. теңге) несие алды.

Жалпы қарыздың ұлғаюы 46,1 млн. АҚШ долл. (20,8 млрд теңгеге баламалы) сомасына KMG International синдикатталған қарызын және 52 млн. АҚШ доллары (23,4 млрд теңгеге тең) сомасына Cargill қарызын ішінара төлеумен өтелген. Сондай-ақ, есепті кезеңде «АМӨЗ» ЖШС Халық банкінен алынған 12,9 млрд теңге сомаға қарызды ішінара өтеді.

Таза қарыз 

2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша таза қарыз 1 748 млрд теңгені (3 912 млн. АҚШ долл.) 2023 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда теңгелік мәнде 6,2%-ға және долларлық мәнде 8,1%-ға ұлғайды.

Ақшалай қаражат

Шоғырландырылған ақшалай қаражат, олардың баламалары мен депозиттер түріндегі ақшалай қаражат

Ақшалай қаражат және олардың баламалары млрд. теңге 837 1 051 -20,3%
Ұзақ мерзімді депозиттер млрд. теңге 63 64 -0,8%
Қысқа мерзімді депозиттер млрд. теңге 1 323 997 32,7%
Ақшалай қаражат, олардың баламалары және депозиттер түріндегі ақшалай қаражат млрд. теңге 2 223 2 112 5,3%

Шоғырландырылған ақшалай қаражат пен олардың баламалары, соның ішінде депозиттер түріндегі ақшалай қаражат 2023 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсеткішпен салыстырғанда 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 5,3%-ға ұлғайып, 2 223 млрд. теңгені құрады. Доллар түрінде көрсеткіш 2023 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайымен салыстырғанда 7,1%-ға ұлғайып, 4 977 млн. АҚШ долларын құрады.

2024 жылдың басынан бергі негізгі корпоративтік оқиғалар:

  • 2024 жылғы 18 қаңтарда Рим қаласына (Италия) ҚМГ мен Eni S.p.A. Жаңаөзен қаласында гибридті электростанция салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды. Жобада Eni Plenitude еншілес компаниясымен ынтымақтастықта Жаңаөзен қаласында жел электростанциясының (77 МВт) және күн электростанциясының (50 МВт), сондай-ақ қуаты 120 МВт газ электростанциясының құрылысы көзделген.
  • 2024 жылғы 21 ақпанда ҚМГ және «Татнефть» ЖАҚ «Karaton Operating Ltd» ЖК жарғылық капиталындағы 50% қатысу үлесін сатып алу-сату шартына, «Каратон Тұзасты» жобасы бойынша Акционерлер келісіміне және Қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
  • 2024 жылғы 11 наурызда ҚМГ және SOCAR Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы қазақстандық мұнайдың транзиті көлемін біртіндеп ұлғайту туралы келісімге және Қазақстандық мұнайды сатып алу-сату бойынша стартегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • 2024 жылғы 29 наурызда «Sinopec» компаниясының (Қытай) 30% қатысу үлесімен Атырау облысында қуаты 1,25 млн. тонна полиэтилен шығару зауытын салу жобасына заңды кіруі аяқталды, яғни, жобаға қатысушылар үлесі: ҚМГ – 40% (шоғырландырылған), СИБУР – 30%, Sinopec – 30%.
  • 2024 жылғы мамырда ҚМГ Директорлар кеңесі 2023 жылдың қорытындысы бойынша алынған таза кірістен ҚМГ акционерлеріне дивиденд төлеуге 300 млрд теңге мөлшеріндегі соманы жіберуді ұсынды. 2023 жылы бойынша бір жай акцияға есептегендегі дивидендтер мөлшері 491,71 теңгені құрайды. Дивиденд төлеу туралы шешімді акционерлер 2024 жылғы 28 мамырда өтетін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖ) бекітуге тиіс.

Есептердің көрсеткіштері мен нәтижелері дөңгелектеніп көрсетілген. Сонымен қатар, кезеңдерді салыстыру кезінде дөңгелектенбейтін нақты мәндер қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысты кез-келген мүмкін түзетулер қаржылық нәтижелерге материалдық әсер етпеуі керек.

Неғұрлым толық ақпаратқа https://www.kmg.kz/investors/reporting/ сілтемесі бойынша қол жеткізуге болады:

Байланыс деректері: ir@kmg.kz, тел: +7 (7172) 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанның жетекші тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутектерді барлаудан және өндіруден тасымалдауға, өңдеуге және сервистік қызметтерді ұсынуға дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылған, елдің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүдделерін білдіреді.

ҚМГ негізгі активтеріне кіретіндер:

  • Барлау және Өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүркмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, Урихтау (УО) – 100%, Доңға – 60%, Урал Ойл энд Газ (УОГ) – 50%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (КОА) – 50%, ПетроКазахстан Инк (ПКИ) – 33%, Теңізшевройл (Теңіз) – 20%, Қарашығанақ – 10%, Қашаған – 16,88%.
  • Трасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ККТ) – 50%, МұнайТас – 51%, Батуми мұнай терминалы – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КТК) – 20,75%, Қазмортрансфлот – 100%.
  • Өңдеу және өзгесі: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПКОП – 49,72%, KMG International – 100%, Caspi Bitum – 50%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%, ҚазРосГаз – 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. – 49,5%.

[1] Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орта айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2024 жылдың 1-тоқсаны және 2023 жылдың 1-тоқсаны үшін орташа бағам 450,18 және 454,82 теңге/ АҚШ долл. құрайды, тиісінше; кезең соңына бағамы – 2024 жылғы 31 наурыздағы және 2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 446,78 және тиісінше 454,56 теңге/АҚШ долл. құрайды).

[2] Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы табыстағы үлеске үйлестірілген таза табыс = Таза табыс плюс бірлескен-бақыланатын кәсіпорындардан және қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер, минус бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы табыс үлесі.

[3] Көзі: S&P Global Platts.

[4] EBITDA = түсім плюс бірлескен кәсіпорындардан және қауымдасқан компаниялардағы кірістер үлесі, нетто, минус сатып алынатын мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және өзге материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығындар минус жалпы және әкімшілік шығындары минус тасымалдау және іске асыру бойынша шығындар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[5] EBITDA түзетілген көрсеткіші = түсім плюс бірлескен кәсіпорындардан және қауымдасқан компаниялардан алынатын дивидендтер минус сатып алынатын мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және өзге материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығындар минус жалпы және әкімшілік шығындары минус тасымалдау және іске асыру бойынша шығындар минус табыс салығынан басқа салықтар

[6] Еркін ақша ағыны = операциялық қызметтен алынған ақша ағыны минус негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау мен бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындардан және қауымдасқан компаниялардан алынатын дивидендтер операциялық қызметтен алынған ақша ағынына енгізілген.

[7] Есептік кезең соңына жалпы берешек = облигациялар плюс несиелер (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[8] Жалпы берешек пен Таза табыс 2023 жылдың 31 желтоқсаны жағдайына көрсетілген.

[9] Есептік кезең соңына таза берешек: Облигациялар плюс несиелер минус ақша қаражаттары мен олардың баламалары, минус банк салымдары (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[10] Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдастырылған компаниялардағы ҚМГ иелену үлесіне және шоғырландырылатын еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% сәйкес көрсетілген. Неғұрлым толығырақ ақпаратты 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелер туралы https://www.kmg.kz/investors/reporting/ сілтеме бойынша баспасөз релизден алуға болады.

[11] Мәліметтер компанияның тиісті кезеңдегі қаржылық есептілігінде ашып көрсетілген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>