ҚМГ мен ExxonMobil екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.08.2026
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ExxonMobil Upstream президенті Дэн Амманмен кездесті.
Тараптар Теңіз және Солтүстік Каспий жобаларын іске асыру барысын талқылады. Сонымен қатар инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары, геологиялық барлау саласындағы өзара іс-қимыл, озық технологияларды енгізу және мұнай-газ саласында өндірістік тиімділікті арттыру мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық өзара тиімді бағыт бойынша стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екенін білдірді.