Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз 2022 жылға арналған ESG тәуекел рейтингінде көрсеткішін жаңартты

13.10.2023

Sustainalytics агенттігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 2022 жылғы экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару (ESG) саласындағы қызметіне кезекті кешенді зерттеу жүргізіп, тиімділігіне баға берді.

Рейтинг агенттігі ҚМГ-нің ESG тәуекелдерін басқару деңгейін 32,3 балға бағалады, бұған дейінгі берілген көрсеткіш – 28,5 балл.

Салыстырмалы рейтингте ҚМГ Sustainalytics агенттігі бағалаған әлемдегі 306 мұнай-газ компаниясының арасында 18-ші орыннан 40-шы орынға жылжыды. Sustainalytics рейтингі туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы көруге болады.

Sustainalytics компанияның ESG тәуекелдерін басқару деңгейін «мықты» деп бағалады. Ал компания бетпе-бет келген ESG тәуекелдер көрсеткіші «жоғары» деген баға алды. Сарапшылардың пікірінше, ESG тәуекелдердің жоғары рейтингі саладағы орташа көрсеткіштерге, яғни мұнай-газ саласына тән тәуекелдерге сәйкес келеді.

Болжамға сай 2022 жыл отандық мұнай-газ саласы үшін күрделі болды. Берілген баға компанияның шығарындылар мен қалдықтар көлемі, өндірістік қауіпсіздік көрсеткіштері мен корпоративтік басқару мәселелері бойынша бетпе-бет келген ESG-тәуекелдер деңгейін көрсетеді.

Сондай-ақ, ҚМГ сарапшылардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәуекелдерді басқаруда оң баға алды, адам капиталы мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару деңгейін жақсартты және ресурстарды пайдалану, биоалуандық және іскерлік этика мәселелері бойынша тәуекелдерді басқаруда тұрақты деңгейін сақтап қалды.

ҚМГ ESG бағытындағы шаралар мен жұмысты күшейтудің маңызын түсінеді.  ҚМГ үшін негізгі ESG-сын-қатерлер қатарына шығарындылар мен қалдықтарды азайту, төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыруды жалғастыру, еңбек және қызметкерлердің қауіпсіздігін қорғау бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, корпоративтік басқару жүйесін қолдау мәселелері жатады.

2023 жылы 6 қазанда ҚМГ Директорлар кеңесінің тұрақты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы арнайы отырысы өтті. Жиында компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ESG тәуекел-рейтингін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары, TCFD ұсынысы бойынша ақпаратты жария ету, сондай-ақ төмен көміртекті жобаларды іске асыру барысына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

ESG-ге қатысты ақпаратты жария ету бойынша ашықтықты арттыру мақсатында ҚМГ 2012 жылдан бастап жыл сайын GRI стандарттарына (GRI Standards) сәйкес тұрақты даму саласындағы есебін жариялайды    (https://www.kmg.kz/sustainable-development/).

Sustainalytics - экология, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы жетекші тәуелсіз зерттеу компаниясы, дүниежүзіндегі инвесторларға жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеуге және енгізуге көмектесетін рейтингтік және аналитикалық фирма. 

sustainalytics-badge (1).png

Copyright ©2022 Sustainalytics. All rights reserved.

This publication contains information developed by Sustainalytics (www.sustainalytics.com). Such information and data are proprietary of Sustainalytics and/or its third party suppliers (Third Party Data) and are provided for informational purposes only. They do not constitute an endorsement of any product or project, nor an investment advice and are not warranted to be complete, timely, accurate or suitable for a particular purpose. Their use is subject to conditions available at https://www.sustainalytics.com/legal-disclaimers.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>