Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» кадрлық тағайындау туралы хабарлайды

08.09.2023

"ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ бюджеттеу және жоспарлау департаментінің директоры қызметіне Есенгелді Ерубаев тағайындалды.

Ерубаев Есенгелді Қалмағанбетұлы Анкара университетін "Әлемдік экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматыдағы Жоғары бизнес мектебінің MBA (халықаралық деңгейдегі АМВА сертификаты) дәрежесіне ие.

Е.Ерубаевтың мұнай өндіретін кәсіпорындардағы еңбек өтілі 20 жылға жуық, соның ішінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) компаниялары тобында - 14 жыл, басшы лауазымдарда - 5 жыл жұмыс істеді.

Еңбек жолын 2004 жылы мұнай-газ саласындағы "ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз" АҚ бюджеттеу және бақылау бөлімінің кіші маманы ретінде бастап, 2014 жылы бюджеттеу бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. 2016 жылдан бастап «Тұзкөлмұнайгаз Оперейтинг» БК-да қаржы директоры қызметін атқарды.

2021 жылы ҚМГ бюджеттеу және жоспарлау департаментіне бөлім басшысы болып қабылданып, бұдан кейін мұнай өндіру және барлау ұйымдарын жоспарлау басқармасының бастығы қызметіне ауыстырылды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>