Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қашаған, Қарашығанақ, жаңартылатын энергия көздері: ҚМГ мен Eni ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды

02.06.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Баку қаласында «Eni S.p.A» компаниясының жаһандық табиғи ресурстарды барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті.

Кездесуде екі компания арасындағы Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. А.Хасенов атап өткендей, серіктестер қазіргі уақытта Қашағандағы мұнай өндіру көлемін одан әрі ұлғайту жобаларын уақтылы жүзеге асыруға ерекше мән беруі тиіс.

Сонымен қатар Қарашығанақты кеңейту жобасын жүзеге асырудың стратегиялық маңызы туралы сөз болды. Атап айтқанда, бұл жоба қабат қысымын ұстап тұру және қабаттардың мұнай беру көлемін арттыру мақсатында газды кері айдауға арналған 6-компрессорды іске қосуды көздейді.

Кездесуде жалпы қуаты 247 МВт болатын Маңғыстау облысындағы гибридті электр станцияның құрылысы да талқыланды. Бұдан бұрын хабарланғандай, бірлескен жоба аясында 2025 жылы Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт күн электр станциясы (КЭС) іске қосылды. Былтыр КЭС 11,6 млн кВт•сағ электр энергиясын өндірді, ал биыл қаңтар-мамыр айларындағы өндіріс көлемі 31,2 млн кВт•сағ құрады. Станция жылына шамамен 86 млн кВт•сағ таза электр энергиясын өндіретін болады.

Бүгінде қуаты 120 МВт болатын газ электр станциясы бойынша құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасуда. Жобаны осы жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жел электр станциясының (77 МВт) құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>