Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Уаз интеллектуалды кен орнының іске қосылғанына – 10 жыл

03.06.2026

Биыл Атырау облысында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (ЕМГ) Уаз базасындағы «Интеллектуалды кен орны» жобасы іске қосылғанына он жыл толып отыр.

Осылайша, ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – ЕМГ Қазақстанның мұнай-газ секторында өндірісті онлайн бақылау және мониторингтеуге бағытталған цифрлық жүйені енгізген алғашқылардың бірі болды.

Жоба «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ке қарасты Уаз кен орындары тобының (Уаз, Шығыс Уаз және Солтүстік Уаз) 80 мұнай ұңғымасында қолданылады. Олардың деректері цифрландырылып, кен орынды басқару бойынша бірыңғай цифрлық платформаға біріктірілді. Ұңғымалар нақты уақыт режимінде бірыңғай орталықтан басқарылады.

Осы жылдар ішінде цифрлық технологияларды енгізу нәтижесінде өндіріс көрсеткіштерінің тиімділігі едәуір артты:
- ұңғымаларды жөндеуаралық кезеңі 36% — 866 күннен 1340 күнге дейін ұлғайды;
- электр энергиясын тұтыну көлемі 35% қысқарды;
- өндіру процесіндегі тоқтап қалу жағдайлары азайғаннан кейін мұнай өнімін жоғалту көрсеткіші 9% астамға төмендеді;
- әрбір ұңғыма бойынша мұнай өндірудің цифрлық есебі қамтамасыз етілді.

Барлық өндірістік ақпарат Атырау қаласындағы ЕМГ-нің бас кеңсесінде орналасқан Өндірістік процестерді жедел басқару орталығына онлайн түрде келіп түседі.

Өзінің тиімділігін дәлелдеген «Интеллектуалды кен орны» технологиясы қазіргі уақытта ЕМГ-нің 12 кен орнында жұмыс істеп тұр.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ҚазМұнайГаз компаниялар тобы өндірістік процестерді цифрландыру жобаларын және ЖИ элементтері негізіндегі интеллектуалды жүйелерді іске асырып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>