Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз жасанды интеллектіні пайдалана отырып, кен орындарының цифрлық телнұсқаларын енгізе бастады

16.06.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, кен орындарының цифрлық телнұсқаларын енгізу жобасын іске қосты. Пилоттық алаң ретінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (ЕМГ) Шығыс Молдабек кен орны таңдалды.

Цифрлық телнұсқа – өндірістік процестерді талдауға, өндіру көрсеткіштерін болжауға және барынша тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі виртуалды кен орнының моделі.

Бүгінде «KMG Digital», «ҚМГ Инжиниринг» компанияларының және технологиялық серіктестің қатысуымен Upstream блогының операциялық моделіне, бизнес-процестерге және IT-инфрақұрылымына зерттеу жүргізілуде. Жобаның бірінші кезеңі ҚМГ-ның корпоративтік орталығын, «ҚМГ Инжиниринг» және ЕМГ компанияларын қамтиды. Шілде айында осындай жұмыс «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-де жалғасатын болады.

Жалпы, цифрлық телнұсқаларды «ABAI» ақпараттық жүйесі базасында ҚМГ компаниялар тобының 12 ірі кен орында енгізу жоспарлануда.

Жобаны іске асыру нәтижесінде:
- кен орындарын игеру тиімділігін арттыру,
- өндіріс шығындарын қысқарту,
- мұнай алу коэффициентін ұлғайту,
- өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру көзделген.

Айта кетсек, жоба Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қолға алынды және ҚМГ-ның өндіріске озық технологияларды енгізу бағытындағы жүйелі жұмыстарының бір бөлігі болып саналады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>