Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ЕМГ Сарыөзек өзенінің маңында жағаны бекіту жұмыстарына жұмылды

12.04.2024

Атырау облыстық штабының шешіміне сәйкес «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері мен арнайы техниктері Сарыөзек өзені ауданында су басу қаупі жоғары, ұзындығы 5,5 км учаскеде жұмыс істеп жатыр.

Осыған дейін 5-9 сәуір аралығында жағалауды нығайту мен қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары Алмалы ауылы ауданында жүргізілген болатын.

ЕМГ-нің су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штабы 29 наурызда құрылды, ол тәулік бойы Атырау облысы мен аудандардың жедел штабтарымен байланыста жұмыс істейді.

Әкімдіктердің қажеттілігіне қарай, ЕМГ су тасқынынан қорғау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техника, құрылыс және қорғаныс материалдарын, құрал-жабдықтарды, жанар-жағармай жіберіп отыр, оның үстіне бұл жұмысқа компания қызметкерлері де тартылған.

Кәсіпорын қызметкерлері жағалауды нығайту жұмыстарына белсенді атсалысып келеді. Исатай ауданында ЕМГ персоналының көмегімен ескі бөгетті нығайту және ұзарту, Каспий теңізі бағытына қарай Бақсай және Нарын каналдарында шлюздер ашу жұмыстары жүргізілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>