Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Ембімұнайгаз» АҚ ілеспе мұнай газын кәдеге жарататын ауқымды жобаны жүзеге асырды

06.08.2025

«Ембімұнайгаз» компаниясы (ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бойынша ауқымды жобаны жүзеге асырды.
 
Оңтүстік-Батыс Қамысты кен орнында қуаты 4,8 МВт болатын газ поршенді электр станциясы (ГПЭС) салынып, іске қосылды. Ол Оңтүстік-Батыс Қамысты,Оңтүстік-Шығыс Новобогат және Оңтүстік-Шығыс Новобогат  карниз үсті, Оңтүстік-Шығыс Қамысты, Жаңаталап кен орындарын электр көзімен қамтамасыз етеді. 

Газ поршенді электр станциясын салудың негізгі мақсаты — ілеспе мұнай газын тиімді кәдеге жарату, сонымен қатар өндіріс пен шаруашылықтың қажеттіліктері үшін кен орындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету. 

Ілеспе газды өз электр энергиясын өндіру үшін пайдалану мұнай өндіруші кәсіпорындардың электр қуатын беретін сыртқы көздерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде сыртқы желілерден электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығын мөлшерін едәуір қысқартады. Жобаны іске асырудың нәтижесінде электр энергиясын сатып алу 55% үнемделеді. 

Ілеспе газды пайдаланатын ГПЭС салу жобасы «Ембімұнайгаз» АҚ ұстанатын экологиялық қауіпсіздік және экономикалық тиімділік қағидаттарына толық сай келеді. 

Бұл бастама өзінің тиімділігін дәлелдеді және алдағы уақытта оны «Ембімұнайгаз» АҚ-ның басқа кен орындарына тарату жоспарда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>