Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев «Ембімұнайгаз» қызметінің басты бағыттары бойынша кеңес өткізді

05.04.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) қызметіне қатысты кеңес өткізді.

Жиында кәсіпорынның мұнай мен газ өндіру бойынша 2023 жылғы жоспарлы көрсеткіштерді орындауы талқыланды.

«Кәсіпорын былтыр жылдық жоспарды орындамады. Сондықтан жіберілген олқылықтардың орнын толтырып, өндірістік процестерді оңтайландыру және технологиялық жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету маңызды. Тиімділікті арттыру үшін жаңа цифрлы мүмкіндіктерді енгізу аса қажет», — деп атап өтті ҚМГ басшысы.

ЕМГ 2023 жылға арналған жоспарына сай 2 млн 706 мың тонна мұнай, 225 млн текше метр газ өндіруі керек екенін атап өткен жөн. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін компания, атап айтқанда, геологиялық-техникалық жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл болжам бойынша өндіруді шамамен қосымша 195 мың тонна мұнайға арттыруы мүмкін.

Сонымен қатар кеңесте қаржы көрсеткіштерін орындау, күрделі салымдар жоспары, инвестициялық және цифрлы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ кадр резервін дамыту мәселелері қаралды. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>