Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Теңіз, Қашаған және геологиялық барлау: ҚазМұнайГаз бен ЭксонМобил серіктестіктің перспективаларын талқылады

29.05.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «ЭксонМобил» компаниясының дәстүрлі мұнай өндіру және ауыр мұнай өндіру жөніндегі вице-президенті Питер Ларденмен кездесті. 

Кездесуде Теңіз жобасын іске асыру барысы талқыланды. Кен орнын одан әрі тиімді игеру үшін Теңіз бойынша жобалық шешімдерді жаңарту қажеттілігі айтылды. 

Сондай-ақ өндірістік қауіпсіздіктің қазіргі жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс нысандарына техникалық қызмет көрсету және жаңғыртудың ұзақ мерзімді бағдарламасын кен орынның операторы — «Теңізшевройл» ЖШС әзірлеудің маңызына назар аударылды. 

Тараптар Солтүстік Каспий жобасын талқылай отырып, өндірістік көрсеткіштердің тұрақтылығын атап өтті. Бұл Қашағандағы өндіру көлемін одан әрі ұлғайту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенін көрсетеді. Бүгінде НКОК серіктестерінің алдында кен орынды толық игеру бойынша жоспарланған іс-шараларды уақтылы іске асырудың маңызды міндеті тұр. 

Бұдан басқа елдегі ірі мұнай-газ жобалары аясында жергілікті өндірісті оқшаулауға жағдай жасау мәселелері қаралды. ҚМГ қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуды ұлттық экономиканың дамуына және отандық компаниялардың бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. 

Сонымен қатар ҚазМұнайГаз бен ЭксонМобилдің геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселесі жеке қаралды. Америкалық компания 2025 жылғы жаһандық роуд-шоудың екінші кезеңіне шақырылды. Оның барысында әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторларға ҚМГ-ның перспективті геологиялық барлау жобаларының жаңа пулы ұсынылатын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>