Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ЭКО акция

16.09.2023

Бүгін әлемнің түкпір түкпірінде миллиондаған адам қоршаған ортаны қорғау мақсатында табиғатты қоқыстан тазалап, World Clean up day экологиялық шарасын өткізуде.

ҚазМұнайГаз компаниялар тобының еріктілері (Құмкөл, Қазтрансойл және ҚМГ-ның Корпоративті орталығының қызметкерлерімен бірге) игі бастаманы қолдап, Бурабайда өткен #экошараға атсалысты.

«Табиғатқа деген сүйіспеншілігіңді жартасқа есіміңді жазып, бүлдірмей, айналаңа қоқыс тастап, ластамай, керісінше, қоршаған ортаға қамқорлық танытып, сұлулығымен тамсану арқылы білдіруге болады», - деді ҚМГ әлеуметтік саясат басқармасының басшысы Бақытжан Пазылқайыр. Белсенді топ осы шараны жалғастыруға ҚазМұнайГаздың еншілес компанияларын, сондай-ақ, @ergkazakhstan@ ncoc_official @kazatomprom @kazminerals_offical @kazakhmys_official өкілдерін шақырды.

Экошара аясында ҚазМұнайГаздың еріктілері көл жағалауындағы қоқысты жинап, оны салатын арнайы жәшіктер қойып, ақпараттық экотақта орнатты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>