Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Таза Қазақстан» эко-акциясы: Есіл өзенінің жағалауы тазаланды

29.06.2024

Бүгінгі жаздың жайлы күні ҚазМұнайГаз командасы мен KMG_Volunteer еріктілері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке шықты.

Бұл жолы олар елорда тұрғындарының жанға сая демалыс орны болып табылатын ерке толқынды Есілдің жағалауын тазалау үшін бірлесіп жұмыс атқарды.

Есіл өзені елорданың негізгі су артерияларының бірі ретінде экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алайда, өкінішке орай соңғы жылдары өзеннің жағалау аймақтары адами фактордың әсерінен едәуір ластанып кетті.

ҚазМұнайГаздың бүгінгі акциясы — Есілдің жағалау аймағының ахуалын жақсартуға және таза да салауатты орта қалыптастыруға бағытталған.

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жұртшылықтың назарын экологиялық проблемалар мен қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығына назар аударуға бағытталған.

ҚазМұнайГаз қызметкерлері бұл акцияға белсенді түрде ат салысуда. Олар бірнеше рет белгілі жер телімдерін тазалауға, қоқыстарды сұрыптауға, ағаш отырғызуға, экологиялық шеберлік сыныптары мен ағарту іс-шараларына да қатысты.

Сонымен бірге ҚМГ қалдықтарды, энергия тұтынуды және зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға бағытталған заманауи технологиялар мен тәжірибелерді белсенді түрде енгізуде.

ҚазМұнайГаз экологиялық бастамаларды іске асыра отырып жыл соңына дейін 88 мың астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр, оның 23 мыңға жуығы биылғы көктемде егілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>