2025 жылы ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорындары 339 мың тонна тарихи мұнай қалдығын жойды
13.07.2026
ҚазМұнайГаз компаниялар тобы тарихи мұнай қалдықтары салдарынан болатын экологиялық ластануды азайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 339 мың тоннаға жуық тарихи мұнай қалдығы жойылды. 2018 жылдан бері барлығы 4,6 млн тонна қалдық өңделді.
«Ембімұнайгаз» АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ-ға тиесілі мұнаймен ластанған учаскелер толықтай тазартылды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша бүлінген аумақтарды ретке келтіру жұмыстары да жүргізілді. Айта кетсек, қалдықтарды қалпына келтіру әдістерін таңдау кезінде қоршаған ортаны қайтадан ластамайтын заманауи технологияларға басымдық беріледі.
ҚМГ компаниялар тобында қалдықтарды басқару жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп келеді. 2024 жылы еншілес және тәуелді ұйымдар үшін қалдықтарды басқарудың бірыңғай стандарты бекітіліп, 2025 жылы өндірістік нысандарға енгізілді. Бұл Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.