Шолпан Жұмағазиева «ҚазМұнайГаз» адам ресурстарын басқару департаментінің директоры болып тағайындалды
28.05.2024
Ш.Жұмағазиева Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Қаржы министрлігінің «Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті» мемлекеттік мекемесінде бастаған.
2006 жылдан 2010 жылға дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ құқықтық бөлімінде жұмыс істеді.
2010 – 2014 жылдары «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас заңгер, бас заң кеңесшісі, заң қызметінің басшысы, құқықтық қамтамасыз ету және активтерді басқару департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
2014 жылдан 2017 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗИ» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету және келісімшарттар, құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету департаменттерін басқарды.
2017 – 2022 жылдары – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де басқарушы директор, құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету орталығының басшысы болды.
«ҚазМұнайГаз» тағайындалғанға дейін «Samruk Business Academy» ЖМ директоры қызметін атқарды.