Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі Оқушылар сарайының құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды

28.09.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзенде салынып жатқан Bolashaq Sarayi құрылысымен танысты.

Бүгінгі таңда негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Атап айтқанда ғимараттың монолитті қаңқасы тұрғызылды, сыртқы қабырғалары мен арақабырғалары қаланды, қасбеттік жұмыстар атқарылды, терезелер мен әйнекті витраждар салынып, сыртқы инженерлік желілер тартылды.

Қазіргі кезде ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Нысан құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Ауданы 3000 шаршы метрден асатын заманауи білім беру кешені бір уақытта 350 баланы қабылдай алады және жаңаөзендік жасөспірімдердің жан-жақты дамуына мүмкіндіктер беретін орталық болады.

ҚМГ басшысы салынып жатқан нысанның әлеуметтік маңызын атап өтіп, құрылыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>